
ҰҚК құрамындағы Антикорға жаңа басшы келді
Фото: stan.kz Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. «Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада. Айта кетейік, 30 маусымда Президент жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылған болатын.