
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Астанада өткен Құрбан айт мерекесіне арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады. – Қожа Ахмет Ясауи бабамыз: «Хаққа қызмет – халыққа қызмет» деген. Бұл – халықтың разылығы Алланың разылығына…