Tag Archives: балалар

Шучинскідегі балалар ауруханасында бір айдан бері ыстық су мен жылу жоқ

Фото: Видеодан алынған кадр

Шучинск қаласындағы балалар ауруханасының (ЖШС «Авиценна-Бурабай») науқастары палаталарда ыстық судың болмауына және суыққа шағымдануда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Пациенттердің айтуынша, мұндай жағдай бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келеді.

«Біз кеше баламен ауруханаға түстік — бөлімде мүлде су жоқ. Ыстық суды термопоттан алуға тура келеді, ол шай ішуге арналған. Сосын оны суық сумен араластырамыз. Батареялар да мұздай. Персонал бұл мәселе бұрыннан бар екенін, бірақ ешкім жөндеу жұмыстарын жүргізбегенін айтты», — дейді науқастардың бірі.

Ақтауда тұрғын үйде газ жарылды: ішінде балалар болған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қаладағы көпқабатты үйдің бірінде болған. Куәгердің айтуынша, жарылысты ең бірінші көшеде кетіп бара жатқан тұрғын байқап, дереу төтенше қызметке хабар берген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«Кенет қатты дыбыс шықты, терезелер дірілдеп кетті. Үйден түтін шығып жатқанын көрдім», – дейді оқиғаны көзімен көрген куәгер.

Жарылыс кезінде пәтердің ішінде кішкентай балалар болғаны белгілі болды. Қазір олардың жағдайы анықталып жатыр. Дәрігерлер мен құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеуде.

Мамандардың айтуынша, мұндай жарылыстардың басым бөлігі газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан немесе желдету жүйесінің нашарлығынан туындайды. «Бүгінде әр үйдің иесі қауіпсіздік ережесін жақсы білуі тиіс, алайда тәжірибе көрсеткендей, қарапайым сақтық шараларының өзі жиі ескерілмейді», – дейді төтенше жағдай саласында 50 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан сарапшы.

Оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды. Ал тұрғындарға газ иісін сезген сәтте бірден терезені ашып, электр құрылғыларын қоспау және тиісті қызметке дереу хабар беру ескертілді.

«Бөтен тілді қоя тұр»: Санжар Керімбай бала 13 жасқа толғанша қазақша өсірген дұрыс екенін айтты

Фото: видео скриншот

Қоғам қайраткері, журналист Санжар Керімбай әлеуметтік желідегі парақшасында қазақы тәрбие туралы сөз етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

”Қазақы тәрбие енді трендке айналады. ХХІ ғасыр — ҚУЫСКЕУДЕ ғасыры. Ең қауіпті дәуірдеміз. Бұл кезеңде ұрпағыңды бұрынғыдай орысша мінез бен батыстық менталитетке баулумен ұшпаққа шыға алмайсың. Кім баласының жүрегіне ізгіліктің ұрығын сеуіп, баласын топырақ сипат мінезбен өсірсе сол ғана апаттан аман қалады. 13 жасқа толғанша балаңды тек қана қазақша өсір. Бөтен тілді үйретпей қоя тұр. 14 жастан әрмен қарай оқыса да ештеңеден құр қалмайды. Есесіне болмысының іргетасын қазақы тәрбиемен бекітіп алған балалар өте ұзаққа шабады. Өмірден алатын үлесін асықпай, аптықпай, тапырақтамай, жанықпай, ентікпей қалыпты табиғи ырғақпен игеріп кете береді. Міне Димаш та қазақша тәрбиенің рақатын көріп, әлемді аузына қаратып, талантын ұлт мүддесіне жаратып, әке-шешесін де жерге қаратпай, топырақ сипатта өркендеп кетіп бара жатыр. Осы алтын үлгімен кете беру керек. ХХІ ғасырда жаныңа осы ғана дауа”, — деп жазды Санжар Керімбай.

Ақтөбеде анасына араша сұраған 5 бала баспанамен қамтылады

Фото: Видеодан алынған кадр

Облыс әкімі Асхат Шахаров тапсырма берді.

Есболатовтар отбасындағы 5 баланы баспанамен қамтамасыз ету мәселесін Ақтөбе қаласының әкімдігі шешеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ақтөбе әкімдігінде балалар қауіпсіздігі мен арнайы мекемелердің жауапкершілігі мәселесі қаралды.

Ақ– Бес баланың тағдыры. Мәселені өздері жеткізіп отыр. Бес баланы орналастыру керек. Қалған мәселелерді біз қолға аламыз, одан бас тартпаймыз. Біз үшін ең маңыздысы — бес баланың болашағы. Егер заң бұзушылық болса, жауапқа тартылады. Балалардың тағдыры тікелей бақылауымда болады, – деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі Ақтөбе қаласының әкімдігі бес балалы отбасыны баспанамен қамтамасыз ету міндетін атқару керек екенін хабарлады.

Еске салу керек, Есболовтар отбасындағы 5 бала қазір өздерін қолдаған еріктінің үйінде тұрып жатыр. Ал анасы Жұлдыз Тлеуф жүйке ауруына шалдықпағанын растау үшін Алматыдағы емдеу орталығында тексеріліп жүр.

 

Шығыс Қазақстанда 4 бала өз үйінде өртеніп кете жаздады

Фото: видеодан скрин

ШҚО-ның Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Абырой болғанда көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өрт болған кезде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған.

 

«2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздері үйден шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов, бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді сыртқа алып шықты», – делінген хабарламада.

 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 45 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтады. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Өз ерлігі туралы көпшіліке айтқысы келмеген Дмитрий оқиғаға қатысты қысқаша пікір білдірді.

 

«Менің орнымда кез келген ер адам дәл солай жасар еді», – деп қысқа қайырды ол.

 

Exit mobile version