Tag Archives: бала

Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

Фото: Видеодан алынған кадр 

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлын клиникаға тексертуге алып келгенін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

 

«Хан бес жасынан бастап көзілдірік тағады – астегматизм. Алты ай сайын тұрақты түрде тексеріліп тұрамыз. Міне бүгін кезекті рет тексерілуге келіп тұрмыз. Бізге қосымша қан тапсыру керек деді. Қан талдаудың нәтижесі бойынша, қандай дәрумендер ішу керек, оны да бізге айтады», — деді ол.

 

Сондай-ақ актриса бала денсаулығына байланысты ата-аналарға кеңес берді.

 

«Жалпы баланы жарты жыл сайын сheck-up жасатып тұру керек. Мен Ханды міндетті түрде өткізіп тұрамын, өйткені әлі кішкентай, 11 жасқа енді толады, алдын-алған дұрыс деп ойлаймын. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс», — деді ол.

 

Айта кетсек, Жұлдыз Әбдікәрімова жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген.

Түркістанда 1 жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті

Фото: Pixabay

Түркістан қаласы Талас көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде 1 жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Бүлдіршіннің дәретхана шұңқырына қалай түсіп кеткені белгісіз. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде келіп, баланы аман алып шықты.

Оқиға болған сәтте бүлдіршіннің ата-анасы үйде болған.

«Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы дала дәлізінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», – делінген Түркістан облыстық ТЖД хабарламасында.

Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соқты

Фото: Pixabay

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында кішкентай қызды тоқ соққан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, оқиға Навои, 39 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болған.

«Үй ауласындағы шам бағасының жанында бір арматура шығып тұрды. Ойнап жүріп қызым соған тиіп кетті де, құлап түсті. Кейін арматурадан тоқ соққанын түсіндім. Қызым қазір жансақтау бөлімінде жатыр», – деді баланың анасы.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша Әуезов ауданына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Істің нақты мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады», – деп хабарлады полициядан.

Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін бауырына басты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукаримова отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттен кейін қазақстандықтар жаппай құттықтау пікірлерін қалдырып жатыр.

Желі қолданушылары «Бесігің берік болсын», «Бауы берік болсын» деген ақ тілектерін жазып, өнер жұлдызының отбасына қуаныш пен амандық тіледі. Белгілі қоғам қайраткерлері мен әріптестері де жылы лебізін білдіріп, сәбидің ұзақ ғұмырлы болуын, аман-есен өсуін тіледі.

Жұлдыз Әбдукаримова парақшасында «Жаңа тынысым» деп жазып, сәби өміріне келгенін ишаралады. Бұл жаңалық көпшіліктің назарын аударып, аз уақыт ішінде мыңдаған лайк пен жүздеген пікір жинады.

Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағында бұған дейін төрт перзент өсіп келе жатқан еді. Енді жұлдызды жұптың отбасында бесінші сәби дүниеге келіп отыр.

«Оған ер бала керек»: Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуі туралы айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Актриса әрі әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің сұхбатында көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі күйеуінің екінші әйел алуына қарсы емес екенін айтты.

«Мен жолдасымды түсінемін. Оған да бала-шағасының көп болғаны жақсы. Кез келген ер адамға ұл бала керек. Оның да ортасы бар, ағайын-туысы бар. Барлығы жан-жақтан айтады. Менікі дұрыс, оныкі бұрыс деп айта алмайтыным содан. Ешкімді кінәлай, ешкімге ренжи алмаймын. Сондықтан бір бағдарламада да айтқанмын. Егер екінші отбасын құрамын десе, қарсы емеспін деп. Мен әрі қарай перзент таба алмайтын болсам, қарсы емеспін. Өйткені жақсы азаматтан жақсы ұрпақ қалу керек», — деді ол.

Желі қолданушылары Жұлдызайға қолдау білдіріп, баланың жынысы тікелей ер адамға байланысты екенін жарыса жазуда.

@ainur_asanberdi“Әңгіме Bar” ютубта

♬ оригинальный звук — ainuri