
«Эмоциямды ұстай алмадым»: Шығыс Қазақстанда байқамай балағаттаған ауыл әкімі халықтан кешірім сұрады
Фото: Видеодан алынған кадр Шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан тұрғындарды балағаттағаны туралы желіде ақпарат тарады. Әкімге қатысты тәртіптік жаза қолданылмақ, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ауыл әкімі болған жайттан кейін халықтан кешірім сұрады. Оның айтуынша, оқиға қоғамдық кеңес отырысы кезінде болған. …