Tag Archives: ажырасу

«Енді ақ көйлек кимеймін»: Ажырасқан блогер үшінші рет күйеуге шықпайтынын айтты

Фото: @saltanat.a.e. парақшасынан

Күйеуімен ажырасқан ақтаулық блогер оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Салтанат Аманқосқызы енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.

 

«Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім. Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім. Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Опық әбден жeдiм. Бoлap.

Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды. “Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің”, деп көзіне жас алған сәті… Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. “Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнiп, eкiнші рет шалыс бастым екен?!”, деген ой маза бермеді. Әкеме “енді тұрмыс құрмаймын” деп уәде бердім…

Болары болды,

Бояуы сіңді», — деп жазды ол.

 

Айта кетейік, блогер екінші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтып, жазба жариялаған еді.

Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

 

«Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле екен. Ондай күйеудің барынан жоғы», «Жүрегім езіліп отыр, қандай ауыр», «Басынан ұнамап еді сол еркек», деді ол. 

 

«Іштей өртеніп барамын»: Күйеуінің опасыздығын айтқан блогер хайп еместігін жеткізді

Фото: Видеодан алынған кадр

Күйеуінің көзіне шөп салғанын айтқаны блогер Салтанат Аманқосқызы ешқандай хайп жасамағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

 

«Халқым, мен ешқандай хайп жасап отырғаным жоқ. Жүкті кезімде осындай опасыздыққа тап болғаныма күйіндім. Бұл бір апта бұрын болған жағдай… Сол жерде нүкте қойылды. Маған да екінші рет ажырасты деген атақ оңай емес. Іштей өртеніп барамын. Бірақ көзге шөп салғанды кешірмеймін», — деді ол.

 

«Енем ажырастырып жіберді»: Танымал актриса алғаш рет отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Актриса Гүлбаушан Тілеубекова күйеуімен ажырасу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол “Алғашқы” бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

”Мықты жігіт, зергер. Олар Шымкенттен болғандықтан салт-дәстүрлері өзгеше. Біз аз тұрдық. Қызым кішкентай болған кезде ажырастық. Енем маған «сен әртіс болма, мұғалім бол» деді. «Әке-шешем 7 жыл оқытты, қалай боламын? Мен сахнаға шығуым керек» дедім. Енем «сен шықпа, болмайды» деді. Ол кісі де өнер адамы, мені түсінуі керек. Былайша айтқанда, енем бізді ажыратты”, — деді актриса.

«Еркекпін дейді-ау»: Арада бала болмағанын айтқан Бадықованың бұрынғы күйеуі сынға қалды

Фото: видеодан скрин

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Аман Тасығанға берген сұхбатында арадағы бала туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Дархан Мұсаевтың сөзінше, араларында бала болмаған.

«Арамызда бала жоқ. Бір қызы бар деген ол Дариғаның туған әпкесі бар бір жас үлкен соның қызы. Соны 4-5 жасынан бастап асырап алған. Бауырымызға бастық», — деді ол.

Желі қолданушылары Дархан Мұсаевтың бұл айтқанына қатысты түрлі пікір жазды.

«Қызға ауыр болды, күшік алдық үйге дегендей жаман қылды», «Дариға бедеу екен ғой», «Қарашашты асырап алдық демей, өз қызым деп айтса болады ғой қызға травма қалдырмай», «Бала болмаса не қиналып отырсың, нені қимай отырсың», «Еркекпін дейді-ау», деді желі қолданушылары. 

«Аудио, видео, диктофон бәрі бар»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі барлық шындықты жайып салмақ

Фото: instagram.com.dariga.badykova

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев ажырасу оқиғасына қатысты алғаш рет егжей-тегжейлі пікір білдірді. Ол алдағы уақытта өз шындығын халыққа деректі фильм арқылы көрсететінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Дархан Мұсаевтың сөзінше, фильмде аудио, видео және жазбалар арқылы олардың жеке өміріне қатысты барлық дәлелдер ұсынылады.

«Құрметті ағайын! Алдағы уақытта сіздердің назарларыңызға ыстық сұхбат ұсынылады. Онда бәрі нақты — аудио, видео, диктафон және WhatsApp жазбалары арқылы көрсетіледі. Бұл деректі фильмде ешқандай қосымша монтаж болмайды. Шынайы сезімнің дәлелі ретінде бәрі ашық беріледі», — деді актер.

Оның айтуынша, аталмыш жоба Қазақстанда мұндай форматта алғаш рет жасалып отыр.

«Әр кейіпкер судан шыққан балықтай сырғып кетпеу үшін, ақ-қарасы ажыратылып көрсетіледі. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін халықтың өзі шешеді», — дейді ол.

Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықовамен 16 жыл бірге өмір сүргенін айтып, өткен күндерді еске алды.

«Халықтың, туған-туыстың, сыныптас пен әріптестің алдында бәрін ашық айтып, ел бағасын берсін. 16 жыл бойы сенің артыңды жасырып келген менмін. Соңғы рет сені 2024 жылдың 30 қазанында сотқа ажырасуға барған кезде көрдім», — деді ол.

Актер Бадықованың өзіне қатысты кейбір айыптауларына да жауап берді.

«Ажырасып кеткеннен кейін мені асырадым деп айтыпсың. Егер рас болса, маған жіберген ақшаңның түбіртегін, чегін, қоңырау жазбасын көрсет. Кинода демеуші іздегенде мен ұйықтап жаттым дейсің бе? Егер солай болса, бірге барып ақша сұрағанымызды ел білмей ме?» — деп жазды Мұсаев.

Актердің айтуынша, деректі фильм дайын болып қойған, ал онда көрсетілетін материалдар елдің көзқарасын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

«Бұл фильмнен кейін айтылған сөздерді ешкім жоққа шығара алмайды. Оны түсіруге көп ақша, уақыт пен маңдай тер кетті», — дейді Дархан Мұсаев.