«Жалақы аз»: Мыңдаған мұғалім ереуілге шықты
Венгрияда жиналған жұрт білім саласына қатысты жаңа заңға қарсы. Реформаға сәйкес, мұғалімдер енді мемлекеттік қызметкер мәртебесінен айырылады. Мұғалімдердің айтуынша, қазір онсыз да олардың айлығы аз. Енді мұғалімдер тіпті түрлі жеңілдік пен жәрдемақылардан қағылады. Будапештте басталған қарсылық акциясының соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Дүйім жұрт билеуші партияның штаб-пәтерінің алдына жиналды….