Ішкі істер министрі Ержан Сәденов «әйелін аса қатыгездікпен өлтірді» деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша тергеу толық аяқталғанын айтты.
«Қазір іспен танысып жатырмыз. Осыдан кейін сотқа жібереміз. Жәбірленуші мен айыпталушы тарап іспен танысып жатыр. Бірнеше томнан тұратын қылмыстық істі қарайды. Тергеу толық аяқталды. Біз танысып болған соң, істі прокуратураға жолдаймыз. Прокуратура арқылы істі сот қабылдайды», — деді Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.
2024 жылдың 16 қаңтарында Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылғаны хабарланды.
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылдың 14 наурызында 10 жылға сотталған. Сот Бишімбаевты Қызылорда қаласында салынуға тиіс шыны зауытына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырды, пара алды деген баптар бойынша кінәлі деп тапқан. Бишімбаевпен бірге «Байтерек Development» АҚ лауазымды топ-менеджерлері, кәсіпкерлер, ұзын саны 22 адамға айып тағылған. 2018 жылдың 29-шы желтоқсанында Түркістан облысының Төле-би аудандық соты Бишімбаевты жалпы режимге ауыстырған болатын. Оған дейін экс-министр өзін қоныс колониясына аударуға өтініш жазған. Кейін Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесіне ауыстырылды.
2019 жылдың қарашасында 10 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеден босап шықты. Экс-министрдің адвокаты Мәди Мырзағараев Бишімбаевтың Шымкент қаласындағы ауданаралық сотқа мерзімінен бұрын бостандыққа шығару жөнінде өтініш түсіргенін, оның арызы толық қанағаттандырылғанын айтты.
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Астанада өтіп жатқан Naiza 55 турнирінің негізгі жекпе-жегінде оның қарсыласы жапониялық Масато Накамура болды. Жекпе-жек Жұмағұловтың нокаутпен жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, бұл жекпе-жекке дейін Жұмағұлов төрт жекпе-жекте жеңілді. UFC-де қазақстандық жеті жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіске жетіп, алтауында жеңілген. Ары қарай келісімшарт ұзартылған жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен «Шығыс Салбұрыны-2023» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.
Сонымен, бұл сайыста жеңімпаздар жыртқыш құстың үш түрін салу бойынша анықталып отыр.
Бүркіт құсы бойынша:
1-орын – Сейітжан Алмас, Алматы облысы;
2-орын – Жалғасұлы Серікболсын, Жамбыл облысы;
3-орын – Болат Нұрдос, Жамбыл облысы;
4-орын – Жұмағұл Ерсұлтан, ШҚО;
5-орын – Көдеков Мұрат, Алматы облысы.
Қаршыға құсы бойынша:
1-орын – Ғалым Самғат, ШҚО;
2-орын – Байетбай Ермұхан, ШҚО;
3-орын – Сейітжан Аян, Алматы облысы.
Ителгі құсы бойынша:
1-орын – Сандыбай Ерлан, Түркістан облысы;
2-орын – Төлегенұлы Темірәлі, Қарағанды облысы;
3-орын – Күнтуған Серікбек, Астана қаласы.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймын! 3 күнге созылған турнирге 100-ден астам спортшы қатысты. Шығыстың төрінде, Алтай тауының бөктерінде, «Бүркіт төбе» жотасындағы бұл жарыс дәстүрлі түрде өтпек, — деп жазды Берік Уәли.
Оның айтуынша, биылғы жыл Құсбегілік федерациясы үшін өте жемісті жыл болған. Енді олар айқын мақсат, нық жоспармен бабадан мирас болып қалған бекзат дәстүрімізді дәріптеу үшін бұдан әрі жұмыс істей бермек.
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер өзара төбелес шығарды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылары Тараз қаласының орталығында төбелесіп, оның соңы кісі өлімімен аяқталды. «Лаура» қонақүйінің маңында болған төбелеске лауазымды тұлғалар қатысықан, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Әеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қатты соққыдан сұлап түскені анық байқалады. Соққыға жығылған адам жедел жәрдем көлігі келгенше жан тапсырған. Кейін марқұмның төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру және құтқару қызметінің бөлім басшысы екені анықталды. Ал оны ұрып өлтірген адам №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы болып шыққан.Төтенше жағдайлар министрлігі аталған жағдайдға қатысты қандайда бір ақпарат бермей отыр. Әріптесін ұрып өлтірген күдікті ұсталып, қылмысын толық мойындаған. Аталған жағдайға қатысты полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеуге өрт сөндіру қызметінің өзгеде де қызметкрелері алынды.
«17 қарашада Тараз қаласындағы М.Х. Дулати көшесінде ер адамдар сөзге келіспей қалып, олардың біреуі екіншісіне соққы жасаған. 41 жастағы ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жанжалға қатысушылардың Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екені анықталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істің толық мән-жайын анықтау үшін оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді.Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеп-тексеру жүргізілуде», деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қаза болған подполковниктің артында алты баласы жетім қалды.
Антикор бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Антикордың хабарауынша, ол Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталып отыр. Салдарынан оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған.
«Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн. тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады. Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылған. Бас прокуратура айыпталушы Т. Тоқтабаевты сотқа берді», — делінген хабарламада.