Tag Archives: аурухана

Шучинскідегі балалар ауруханасында бір айдан бері ыстық су мен жылу жоқ

Фото: Видеодан алынған кадр

Шучинск қаласындағы балалар ауруханасының (ЖШС «Авиценна-Бурабай») науқастары палаталарда ыстық судың болмауына және суыққа шағымдануда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Пациенттердің айтуынша, мұндай жағдай бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келеді.

«Біз кеше баламен ауруханаға түстік — бөлімде мүлде су жоқ. Ыстық суды термопоттан алуға тура келеді, ол шай ішуге арналған. Сосын оны суық сумен араластырамыз. Батареялар да мұздай. Персонал бұл мәселе бұрыннан бар екенін, бірақ ешкім жөндеу жұмыстарын жүргізбегенін айтты», — дейді науқастардың бірі.

Жезқазған ауруханасында тарақан өріп жүр — Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады

Фото: видео скриншот

Жезқазғандағы облыстық аурухананың палаталарында тарақандар өріп жүрген сәт бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда еден мен қабырға бойымен жәндіктердің еркін жүріп жүргені анық көрінеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Видеоны түсірген тұрғынның айтуынша, бұл жағдай педиатриялық бөлімшеде болған. Оның танысы дәл осы бөлімде ем қабылдап жатқан көрінеді. Тұрғын жергілікті әкімдікке ресми шағым да түсірген.

“Түнгі ауысымда тек дәрігерлер ғана емес, тарақандар да жұмыс істейді”, — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Денсаулық сақтау басқармасы ауруханадағы тарақандардың барын растады. Алайда ведомство өкілдері жағдайды “қалыпты” деп бағалап отыр.

“Педиатрия бөлімшесінде жәндіктер мен бунақаяқтылар кездесетіні рас. Бұл ғимараттың тозуына байланысты. Барлық бөлімшелерде дезинсекциялық жұмыстар жоспарға сай жүргізіледі”, — делінген басқарманың ресми жауабында.

Бұған қоса, шенеуніктер “дезинсекция Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай орындалып жатыр” деп сендірді.

Бұл жағдай алғаш рет емес. Өткен жылы желтоқсан айында да дәл осы аурухананың терапия бөлімін тарақандар қаптағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Ол кезде де мекеме өкілдері кінәні “пациенттердің палаталарда тамақ ішетінімен” түсіндірген еді.

Ал биыл да ұқсас жағдай қайталанып отыр. Жергілікті тұрғындар “аурухана тозып, санитарлық талаптар сақталмай отыр” деп дабыл қағуда.

Әлеуметтік желі қолданушылары Денсаулық сақтау басқармасының “қалыпты жағдай” деген жауабына ашулы пікір қалдыруда.

Көпшілік мұндай немқұрайлылыққа таңғалып, “енді аурухана емес, тарақанхана болып кеткен бе?”, — деп жазып жатыр.

Тараздағы инфекциялық ауруханадағы былық: ыстығы 40-қа жеткен балаларды далада сағаттап күттіріп отыр

Фото: видеодан скрин

Жамбыл облысының орталығы – Таразда халықтың ашуын туғызған жағдай күн тәртібінен түспей тұр. Инфекциялық ауруханаға ағылған науқастар ұзын-сонар кезекке тұрып, ыстығы көтерілген балаларымен бірге сағаттап далада күтуге мәжбүр. Қалтыраған сәбилерді сыртта ұстап отырған биліктің әрекетсіздігіне жұрт наразы, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Ата-аналардың айтуынша, қабылдау бөлімінде бар болғаны бір ғана дәрігер отырады.

«Кемінде екі-үш дәрігер жұмыс істеуі керек еді, бірақ бар салмақ жалғыз адамның мойнында. Баламның ыстығы 40 градусқа жетсе де, сағаттап күттік. Мұндай қорлықты қай елден көрдіңіздер?» – дейді ашынған тұрғындар.

Көпшілік бұл аурухананы баяғыда сүріп, орнына жаңа ғимарат салу керек деген пікірде.

«Басқа өңірлерде заманауи емханалар салынып жатыр. Ал Тараздағы инфекциялық аурухана әлі күнге дейін Совет заманындағы күйінде тұр. Ішіне кірсең, 40 жыл бұрынғы өмірге түскендей боласың», – деп ашынған халық нақты айтты.

Аурухана әкімшілігі болса, барлығы санитарлық нормаға сәйкес деп құтылуға тырысты. Бірақ жұртшылық мұны жауапкершіліктен қашу деп бағалап отыр.

«Балаға ине салудың өзі қиын, дәрігер жетіспейді, жағдай ауыр, ал басшылық тек есеп берумен әлек», – дейді науқастардың туыстары.

Ал Жамбыл облысы әкімдігі бұл мәселеге әлі күнге дейін көз жұма қарап отыр. Қарапайым халықтың төзімі таусылған. Олар «шенеуніктердің құр баяндамасы емес, нақты ісі керек» деп талап етуде.

«Санитарлық талап сақталмайды»: Ақтөбелік бүлдіршіндер 14 жыл жөнделмеген ауруханада ем алып жүр

Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде ата-аналар балалар ауруханасының жағдайына шағымданып отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада палаталардың тазалығы сынға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Анасының айтуынша, баласын аллергологқа апарған кезде дәрігер шұғыл түрде ауруханаға жатқызған. Бірақ ол жерде ескі төсек жабдықтары, бөлмеде жүрген тарақандар мен антисанитарияға куә болған. Асхана мен жуанатын бөлменің де жағдайы көңіл көншітпейді.

«Бұл ауруханада соңғы рет жөндеу жұмыстары 14 жыл бұрын жасалған шығар. Қазір тек тазалық жоқ, санитарлық талап сақталмайды», – дейді ата-ана.

Тұрғындар мәселе тек төсек-орын немесе жөндеуде емес, жалпы медициналық қызмет сапасында екенін айтады. Кейбір емханаларда қажетті аппарат жоқ, маман тапшы, жедел жәрдем шақырса, бригаданың бос болмауы да жиі кездеседі.

Денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желідегі шағымды бақылауға алғанын хабарлады.

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел ауруханадан шықты

Фото: Pixabay

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен әйел ауруханадан шықты. Дәрігерлердің айтуынша, оған остеосинтез жасалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әйел Павлодардағы №1 қалалық ауруханада ем қабылдаған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

«Оған екі жағының да өкше сүйектерінің остеосинтезі, сол және оң жақ иық сүйегінің остеосинтезі операциялары жасалды. Ол ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен.