
Бұдан былай 500 мың теңгеден астам ақша аударғандар күдікті саналады
Қазақстанда енді шетелге 500 мың теңгеден, яғни шамамен 1000 доллардан көп ақша аударған азаматтардың транзакциялары ерекше бақылауға алынады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы «Мың теңге» телеграм арнасына сілтеме жасап. Неге? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтықпен, қаржылық пирамидалармен және интернет-алаяқтармен күресті күшейтуді қолға алуда. Мұндай аударымдар «қаржыны жылыстату» және «терроризмді қаржыландыру» қаупі бар деп саналады….