Tag Archives: аудан әкімі

Ақмола облысында аудан әкімі мен басқарма басшысы қатаң сөгіс алды

Фото: Pixabay 

Ақмола облысында Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіров қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан әкім су тасқынының салдарын жою бойынша жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапқа тартылып отыр.

«Көктемгі су тасқынының салдарын жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы орындамағаны, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың сапасыз тізімдерін құрастырғаны үшін Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды», — деді ведомстводан.

Сонымен бірге, Жарқайың, Бұланды аудандарында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй және Целиноград, Біржан сал, Бұланды, Сандықтау аудандары мен Степногорск қаласының Бестөбе кентінде мектеп құрылысының кестеден кешігуіне себепкер Ақмола облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Марат Әубәкіровке де қатаң сөгіс жарияланды.

Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген

Фото: Pixabay

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Дереккөзіне сүйенсек, бұл әкім шаруа қожалығын конкурсқа қатыстырмай-ақ оған 120 гектар жер беріп жіберген. Яғни, Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзған.

«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды», — деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген, мақсатты түрде пайдаға жаратылмаған. Сонымен қатар, біреулерге жер заңнамасын бұза отырып берілген.

Шымкентте аудан әкіміне айыппұл салынды

Фото: Pixabay

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және бюджет қаражатын игеру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген. Оның нәтижесі бойынша конкурстық құжаттамада мемелекеттік сатып алу бойынша заңнамада көзделмеген талаптарды көрсету деректері белгілі болған. Сондай-ақ әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп заңсыз тану және өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге шара қолданбау фактілері анықталған.

Қалалық прокуратура мәліметінше, аудан әкіміне қатысты прокурорлық қадағалау актісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы 5, 7 және 10-бөліктері бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырылды. Мемлекет кірісіне 332 280 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Шымкентте аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Фото: Видеодан алынған кадр / Антикор

Шымкент қаласы аудан әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен алдын алу мақсатында сот органдарымен өзара келісімге қол жеткізу арқылы жемқорлыққа айыпталған мемлекеттік қызметшілердің ұжымдары сот отырыстарына қатысады.

2024 жылдың 1 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Тіленшинге, осы әкімдіктің бас маманы А. Балқыбековке, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі А. Манатқа қатысты үкім жариялады.

Аталған адамдарға тиісінше 11, 10 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Олар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында мегаполисті абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстауға бөлінген 28 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қамқоршылық жасағаны үшін кәсіпкерден 60 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматыда бұрынғы аудан әкіміне 9 млн теңге айыппұл салынды

Фото: inbusiness.kz 

Алматыда мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында заңбұзушылық жасағаны үшін бұрынғы аудан әкімі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар жіберген заңбұзушылықтарды анықтады.

«Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың (лицензия) болуына қарамастан, тапсырыс беруші (ұйымдастырушы) олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған, егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді. Көрсетілген құқықбұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43,3 млн теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Басқа жағдайда, тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді біртекті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық бере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өнім берушілерін конкурсқа қатысудан шектеген», — делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды және мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тең шарттары сақталуына сәйкес қайта өткізілді.