Tag Archives: ауа райы

Синоптиктер бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылғы 30 қазан, бейсенбі күнге арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның сілемі әсерінде болады, соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады, батыста – қатты жаңбыр. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшеюі мүмкін», — делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде:

    • жоғары өрт қаупі – Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Алматы мен Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысында және Абай облысының оңтүстігінде бар;

 

    • төтенше жоғары өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шөлейт аймақтарында, Атырау облысының шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында күтіледі.

 

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаңбыр жауады. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оралда тұман түседі.

Қарағанды ​​облысында 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында, Атырау, Абай облыстарында тұман түсіп, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау, Жезқазған, Қызылорда қалаларында, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

21 қазан: Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

2025 жылғы 21 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Елдің көптеген аймақтарында қатты жел, тұман және жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Қатты жел және жоғары өрт қаупі: Батыс және Орталық

 

  • Атырау облысы: Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
  • Ұлытау облысы: Күндіз батысында жел екпіні 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, басқа аудандарда жоғары өрт қаупі бар. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Маңғыстау облысы: Жоғары өрт қаупі сақталады. Бұл ескерту Ақтау қаласына да қатысты.
  • Қызылорда облысы: Төтенше өрт қаупі және жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да жоғары өрт қаупі күтіледі.
  • Ақтөбе облысы: Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Қарағанды облысы: Күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-18 м/с жетуі мүмкін.

 

Тұман, үсік және жел: Шығыс және Оңтүстік-Шығыс

 

  • Абай облысы: Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыста жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
  • Шығыс Қазақстан облысы: Түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз жел екпіні 15-18 м/с құрайды.
  • Жамбыл облысы: Таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Жетісу облысы: Таулы аудандарда тұман күтіледі. Түнде облыстың орталығы мен шығысында 1-3 градус үсік жүреді. Талдықорған қаласында да түнде 1-3 градус үсік болады деп болжануда.

 

Жаңбыр, тұман және жел: Солтүстік және Батыс

 

  • Батыс Қазақстан облысы: Батысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.
  • Қостанай облысы: Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
  • Солтүстік Қазақстан облысы: Облыстың басым бөлігінде тұман түседі. Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұманды болады.
  • Ақмола облысы: Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Көкшетау қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

Фото: Pixabay

Синоптиктердің болжауынша, 15 қазанда еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады: жел екпіні 20-28 м/с-қа дейін жетіп, тұман, шаңды дауыл мен өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 15 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 15 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 15 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 2-7 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 15 қазанда түнде 5-7 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістан қ.: 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 15 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Найзағай, дауыл және үсік: Елімізде қолайсыз метеожағдайлар күтіледі

Фото: Pixabay

26 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, қолайсыз метеожағдайлар күтіледі. Еліміздің бірнеше өңірінде екпінді жел, найзағай, тұман және бұршақ болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар 10-нан астам облыста өрт қаупі бар.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 26 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанай қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстігінде шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 26 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.