Tag Archives: атып

Харьковты атқылаудан кейін ресейлік инженер өзін атып тастаған

Ресей Федерациясында «Алмаз-Антей» зымыран зауытының инженері  Антон Горобец Харьковтағы тұрғын үйге зымыран түскені үшін өзін атып өлтірді, — деп жазды ресейлік БАҚ. Белгілі болғандай, инженер өзіне қол жұмсау алдында хат қалдырған. Жазбасында ол «өзінің қолтаңбасы бар» зымыран екенін жазған. Ал ол үйде оның әжесі тұрған. Ол қаза болды.

«Бірнеше күн бұрын менің қолымнан өткен зымыран Харьковке, әжем тұратын үй аумағына қарай ұшып кетті. Артынша әжем қаза болды. Қазір болып жатқан оқиғалардың бәрі сұмдық, қорқынышты түс сияқты. Мен енді зымыран жасамасам да, әжемді қайтара алмаймын. Мені кешірші, енді мен өмір сүре алмаймын», — делінген жазбада.

 

 

«Мен үшін түкке тұрмас»: Алматыда 10 адамды атып өлтірген Күлекбаев алғаш рет сұхбат берді

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Руслан Күлекбаев сотталғаннан кейін алғаш рет журналистерге сұхбат берді, деп хабарлады КТК телеарнасы. Қазір Руслан Күлекбаев жазасын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» қатаң режимдегі колониясында өтеп жатыр. Карцерде кітап оқиды. Оған анасы мен балаларын көруге рұқсат етілген.

 

«Күлекбаев мекемеге келген кезде мінезі тұйық болды. Радикалды мінезі оңалмаған күйде болды. Басқа адамдармен байланыспай өзі оқшау отырады. Тек мекеменің қызметкерлерімен ғана. Кейде психологтармен және теологтармен сөйлеседі», – дейді колония басшысы Дархан Нұрекешев.

 

Журналистермен сұхбатында Күлекбаевтың өзі күнә жасағанын айтып, оны мойындады. Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол көз жасына ерік берді.

 

«Менің сотта не айтқанымды бәрі біледі. Мен сонда: «О Аллахи, Субханаллах, мені тіпті ату жазасына емес, одан да қатты жаза қолданса да ол мен үшін түкке тұрмас» дедім. Мен ол кезде ештеңеден қорықпадым. Сол кезде есіме алсам, өзімнің қандай қатігез болғанымды ойлаймын. Күнә жасаған сәтте менің жүрегім қатайып, қап-қара болып кетті. Мұның үлкен күнә екенін мен кеш түсіндім», – дейді Күлекбаев.

 

Ол Алматыда халықты жаппай атып жатқан кезде жағдайының қандай болғанын да жасырмай айтты.

 

«Ішімде алай-дүлей төңкеріс болды. Ойым жаман іс істесем екен, кімді өлтірсем, кімнен не тартып алсам деп сол жайлы ғана ойладым. Мен сол кезде не істеп жатқанымды түсінбедім. Мен адастым. Білімді дұрыс алмадым», – деп қосты өмір бойына бас бостандығынан айырылған кісі өлтіруші.

 

Сондай-ақ Руслан Күлекбаев өзі өлтірген адамдардың туыстарынан кешірім сұрады.

 

«Өткен іс өтті. Оны қайта артқа қайтара алмаймын. Бірақ олардың жүректері тыныш табуы үшін, егер мен көріп, естіп отырсаңыздар, егер мені кешірсеңіздер – бұл сіздердің маған көрсеткен жақсылығыңыз болар еді. Алла екі дүниеде де бар жақсыны нәсіп етсін», – деді Күлекбаев.

 

Осыдан 7 жыл бұрын Руслан Күлекбаев Алматы көшелерінде 10 адамды атып кеткен. Көбінесе олар полиция қызметкерлері болды. Ол мүлкін тәркілеумен өлім жазасына кесілді. Кейін өлім жазасына мораторий жарияланғанына байланысты Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

2018 жылы Күлекбаевтың түрмеде екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған.

 

ШҚО-да ауыл тұрғыны елікті атып, етін сатқысы келген

Шығыс Қазақстан облысында елікті атып, оның етін сатпақ болған тұрғын ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасында Алтай қаласының шығаберісін патрульдеу кезінде ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатып, көлік жүргізушісінен атып алынған еліктің етін тәркіледі.

Етті 66 жастағы ер адам көліктің салонында жасырған. Сонымен қатар күдіктінің көлігінен ТОЗ аңшылық мылтығы тәркіленді.

«Табиғатқа келтірілген залал 2,4 млн теңгеден асады», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.