«2680 нысанды су басты»:Құлсарыдан 31 мыңнан аса адам көшірілді

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2 680 нысанды су басып кетті. Осыған байланысты құрылған арнайы комиссиялар нысандарды аралап жүр. Қазір Құлсары қаласына 231 техника мен 18 қайық, 19 су тарту құралы жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдары дамбаларды соғу, бөгеттерді көтеру, қапшықтарға құм толтыру жұмыстарымен айналысуда. Қаладан көшпеген жергілікті халық та қапшықтарды топырақпен толтырып, шама-шарқынша суды…

Толық оқу

СҚО-да су тасқынына қарсы күреске 3 мыңнан аса адам жұмылдырылды – Олжас Бектенов

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мыңнан аса адам жұмылдырылды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Ол Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмысын тексерді. Үкімет басшысы Тепличное және Кожевенная ауылдарындағы қорғаныш үйінділерінің жағдайын қарап,…

Толық оқу

Бурабайда мемлекеттік кәсіпорын 200-ден аса қызметкерге жалақы төлемеген

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төленді, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Бурабай ауданының прокуратурасы азаматтардың өтініштерін қарау барысында «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне жалақы төлемеу фактісін анықтады. Кәсіпорынның 2024 жылдың қаңтарында уәкілетті органның еңбекақы қоры туралы жинағын бекітпеуіне байланысты, 205 қызметкерге 26 млн 784 мың 770 теңге көлемінде жалақы берешегі бар екендігі…

Толық оқу

Қостанай облысында 80-нен аса шетелдік жүк көлігін заңсыз тіркегендер тергеліп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 83 ауыр салмақты көлікті бастапқы тіркеуді төлемсіз, заңсыз жүргізу фактісі бойынша сотқа дейінгі істі қарады, деп хабарлады  Qazaq.today тілшісі. Республика бойынша басталған ауқымды тексеру аясында Қостанай облысының бірқатар тұрғынының 2020-2023 жылдар аралығында Еуропадан Қазақстан аумағына шет мемлекеттердің шығарылған жылы туралы жалған ақпаратты көрсететiн тіркеу куәліктерін пайдаланып, жүк көлік…

Толық оқу

Алматы облысында Ветстанция мекемесі мыңнан аса қызметкеріне жалақы төлемегені анықталды

[ad_1] Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау мәселесін талдау барысында Алматы облысы бойынша «Ветеринариялық станция» мекемесі қаңтар айында жалпы сомасы 223 млн теңгеге 1043 қызметкерге жалақы төлемегені анықталған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтеліп, жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік…

Толық оқу