Ақтауда су алабынан 21 жастағы спортшы қыздың мәйіті табылды
Ақтаудағы «Шора» су жинау алабы маңынан өлі табылған 21 жастағы қыз өңірге танымал спортшы Валерия Шальнова болып шықты. Спортшының әпкесі сіңлісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді, деп хабарлайды Lada.kz. Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102-ге су жинау арнасында, көпір маңында адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен. «Жедел-тергеу тобы хабарға байланысты сол…