Маңғыстауда 7 жасар қыз арматураға қадалып қалған

Маңғыстау облысында 7 жасар қыздың қолы арматураға қысылып қалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Құтқарушылар қыз балаға көмекке барды. «Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 7 жасар қыздың қолы үйдің қақпасының арматурамен өрнектелген темірге қысылып қалғанын анықтады. Олар гидравликалық қайшылардың көмегімен арматураны кесіп, қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне берді», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Толық оқу