Tag Archives: арасындағы

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы әуе рейсі 4 есе ұлғаяды

Алматы қаласында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

«Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді. Келіссөздер барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп хабарлайды комитет.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

 

Ұлытау-Қызылорда облыстары арасындағы 400 шақырым жолда көлік 15 сағат жүреді

Қызылорда мен Ұлытау облыстарының арасына қатынайтын жүргізушілер небәрі 400 шақырым жолда 15 сағат жүреді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Кейінгі тәулікте екі облыс арасындағы жолдың қолайсыздығынан 75 көлік батпаққа батып, жолда қалған. Салдарынан көлік жүргізушілері құтқарушылардың көмегіне жиі жүгінеді. Ал көмекке келген құтқарушылар автокөліктерді ауыр техникалармен сүйреп шығаруға мәжбүр. Жүргізушілердің бар тілегі – елді мекені жоқ, желі ұстамайтын жолда жалғыз қалып қоймау.

Бұл тасжолдың пайдалануға берілгеніне 50 жыл болған. Содан бері қайта жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын ғана басталыпты.

«Көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап тасжолдың Қызылорда облысына қарасты бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ұлытау облысы бойынша бұл жұмыстар биылғы екінші жартыжылдықта басталуы керек. Жауаптылар қазір тасжолдың Ұлытау өңіріне қарасты бөлігін жөндейтін компанияға конкурс өткізіліп жатқанын жеткізді. Ал көлік жүргізушілері неше жылдан бері армандаған тасжолдың құрылысы тағы да созбалаңға салынбаса деп тілейді», – деді «Қазавтожол» АҚ пайдалану департаментінің жетекші менеджері Дінмұхамед Еркін.

 

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға пікір білдірді

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова отандасы Тина Канделакидің мәлімдемесінен кейін туындаған тіл дауына пікір білдірді, – деп хабарлайды inform.kz.

Бұған Тина Канделаки жауап қатып, Айбек Смадияровты Мәскеуге шақырды.

«Менің отанымның жүрегі Мәскеуден бастаған жөн шығар. Ондағы Чистопрудный бульварында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. Сізге де, басқа барша қазақтар сияқты ол жай Абай ретінде ғана белгілі. Ал бізге ол бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал», – деп жазады журналист.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да бұл дауға үн қосты.

«Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенімдімін. Ал жалпы бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, сәйкесінше атқару керек», – дейді Мария Захарова.

 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтатылады

Израиль үкіметі мен ХАМАС бірнеше сағаттық келіссөзден кейін 7 қазанда кепілге алынған израильдік тұтқындардың бір бөлігін босату, әскери қимылдарын тоқтату және  жауап ретінде палестиналық тұтқындардың бір бөлігін Израиль түрмелерінен босату туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Келісімнің мәні

    • ХАМАС содырлары израильдік 50 тұтқынды – тек азаматтық тұлғаларды, әйелдер мен балаларды босатуы керек.
    • Израиль Газа секторындағы атысты тоқтатады –  ол төрт күнге жалғасады. Бітімге келу осы мерзімнен одан ары ұзартылуы мүмкін: кепілге алынған әр 10 адам үшін тағы бір күн қосылады.
    • Израиль түрмелерден 150-ге жуық тұтқынды – палестиналық әйелдер  мен кәмелетке толмағандарды босатады.
    • Бітім кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен жанармай тиейтін жүк көліктері жіберіледі (олардың саны 300 болады деп хабарланған).

Кейбір мәліметтер бойынша, жоспарға сәйкес, атыс тоқтатылатын 4 күнде ХАМАС «кепілге алынған 30 баланы, 8 ананы және тағы 12 әйелді» босатады.

Алғашқы тұтқындар 23 қарашада босатылуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп болжануда. Күніне шамамен 12 тұтқын жіберіледі.

Заң бойынша, жұртшылық белгілі бір адамды босатуы үшін өтініш беруге 24 сағат уақыт кетеді.

ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс

Палестина ХАМАС қозғалысының содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасап, 1200-ден астам адамды өлтіріп, 240-қа жуық адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс армиясы шабуылға жауап ретінде Газа секторына әуе шабуылдарын, содан  жердегі операцияны бастады. Палестина тарапының мәліметі бойынша, Газа секторында 7 қазаннан бастап 11 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енеді

Құжатқа сәйкес, елдер арасындағы визасыз режим 2023 жылдың 10 қарашасында күшіне енеді. Келісімде тараптардың бірінің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттарының иелері аумақ арқылы кіру, шығу, транзит үшін жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттарды) жүзеге асыру мақсатында екінші тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн визалық талаптардан босатылатыны айтылған.

 

«Визалық талаптардан өзара босату туралы келісім Сиань қаласында 2023 жылғы 17 мамырда жасалды. 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енеді», — делінген қаулы мәтінінде.

Құжат белгісіз мерзімге жасалғаны нақтыланады.

 

Қазақстанның жарамды жол жүру құжаттары:

    • ҚР азаматының паспорты;

 

    • ҚР-ға оралу туралы куәлік.

 

Қытайдың жарамды жол жүру құжаттары:

    • ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты;

 

    • ҚХР азаматының әдеттегі төлқұжаты;

 

    • ҚХР уақытша жол жүру құжаты.

 

Еске салайық, Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізу туралы келісімге Тоқаевтың мамыр айындағы ҚХР-ға сапары кезінде қол қойған. Сол сапарында Қазақстан президенті екі ел арасында визасыз режим енгізу туралы пікір білдірген.