Tag Archives: Ақмола

Үш дөңгелекпен жолда жүрген КамАЗ: жүргізуші жауапқа тартылады

Фото: видеодан скрин

Ақмола облысында үш дөңгелекпен трассада еркін жүрген КамАЗ көпшілікті шошытты. Әлеуметтік желіде тараған видеода жүк көлігінің тіркемесі бір дөңгелегін жоғалтқанымен, жүргізуші тоқтамай, жолын жалғастыра береді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Пайдаланушылар мұндай көлік жол қозғалысына үлкен қауіп төндіретінін айтып, ашуланды. “Мұндай көліктер трассада жүрсе, адам өміріне тікелей қауіп бар”, – деп жазды желі қолданушылары.

Полиция департаменті жүргізушінің кім екенін анықтағанын хабарлады. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.

Мамандардың айтуынша, техникалық бақылаудың әлсіздігі мен көліктердің жарамдылығын тексермеу осындай жағдайларға себеп болып отыр.

Ақмолада жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан трактор екіге бөлініп кетті

Фото: видеодан скрин

Апат Ақмола облысындағы «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1044-шақырымында болған. Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігімен соқтығысу нәтижесінде MTZ-80 тракторы екіге бөлінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеп.

Алдын ала мәлімет бойынша, тракторшы далалық жолдан шығып бара жатып, көлік қозғалысына жол бермей, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, трактордың корпусы екі бөлікке бөлініп кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен Mitsubishi-дің екі жолаушысы, сондай-ақ тракторшының өзі жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Трактор жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Апаттың мән-жайы нақтыланады.

Ақмола колледждерінде жүздеген миллион ұрланған

Фото: Pixabay

Студенттердің ақшасы тоналды: Ақмола колледждерінде жүздеген миллион ұрланған Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарында тексеріс жүргізген ревизиялық комиссия студенттердің қаржысына қатысты жантүршігерлік фактілерді ашып берді. Бұл деректерді РОО «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Ақмола филиалы мен Қоғамдық кеңес жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Аудит нәтижесінде бухгалтерияда қаржыны жасыру үшін нөлдерді өшіріп отырғаны анықталды: 3 млн теңге құжатта 3000 теңге болып көрсетілген; 2 млн теңге 2000 теңгеге «қысқартылған».

Құжаттар қолдан жасалып, кейбір шығындар «прокуратура тәркілеп алды» деген желеумен есептен шығарылған.

Колледждің ғимараты мен құрал-жабдықтары жеке адамдарға жалға беріліп, ешқандай келісім-шартсыз және төлемсіз пайдаланылған. Залал — шамамен 3 млн теңге. Сол «арендаторы» жалған түрде колледж қызметкері ретінде тіркеліп, жалақы алып отырған. Штатты да фиктивті қызметкерлермен «толтырған». Бір оқытушыға заңсыз 10 млн теңге аванс берілген, бірақ бұл қаржы қайтарылмаған. Директор мен бас бухгалтердің туыстық байланысы бар екені белгілі болды.

РОО «Жаңару» мен Қоғамдық кеңес бұл фактілерге дереу назар аударуды талап етіп, Экономикалық тергеу департаментін, Бас прокуратураны және Оқу-ағарту министрлігін іске араласуға шақырды.

Ақмола облысында екі ұшақтың апаты: әуе көлігі иелерінің жұмысы тоқтатылды

Фото: Азаматтық авиация комитеті

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астана маңында биыл жазда болған екі ұшақ апатын тергеу жұмыстарына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Ол ұшақ апатының әрбір оқиғасы бір жыл ішінде тексерілетінін еске салды.

— Дегенмен, Азаматтық авиация комитеті Авиация әкімшілігімен бірлесіп тексеру жүргізу туралы және тергеу мерзімінде осыған қатысты ұшақ иелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, — деді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, биыл маусым айында Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болған еді.

 

 

Ақмола облысындағы әуе апатына байланысты комиссия құрылды

Фото: T.me/PRO КАДРЫ KZ

Ақмола облысындағы жеке ұшақ апатына байланысты комиссия құрылды. Кеше кешке UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырап, ішінде болған екі адам пилот пен жолаушы қаза тапты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, авиациялық оқиғаларды тергеу ережесіне сәйкес арнайы комиссия құрылды.

– Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – дейді ведомстводан.

Оқиға орнына министрліктің апаттарды тергеу департаментінің мамандары аттанды.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр.