Көрісу (Амал) күніне арналған 10 құттықтау тілек

Амал мерекесі құтты болсын! Көрісу күні құшағымыз айқара ашылып, ағайынның амандығын біліп, жақындарымызбен қауышар күндеріміз көп болсын! Көрісу күні құт әкелсін! Ағайын-туыстың арасындағы сыйластық пен бірлік арта түсіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Амал мерекесі – береке мен бірліктің бастауы! Бүгінгі Көрісу күні ақ ниетпен қол алысып, араларыңыздағы реніштер ұмытылып, жүректеріңіз жылулыққа толсын! Көрісу күнімен…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Амал мерекесімен құттықтады

Фото: astanatv.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!», – деп жазды Президент Х парақшасында.

Толық оқу