
Жетісу облысында сот орындаушысы балалардың алиментіне төленген ақшаны жымқырып келген
Фото: Pixabay Жетісу облысында сот орындаушысы алимент төлеуге арналған қаржыны өндіріп, кейін өзі алып отырған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жетісу облысының прокуратурасының мәліметінше, жеке сот орындаушысы Талдықорған қаласында заңсыз жолмен баю схемасын қолданған. Ол сол әрекетімен балаларды алиментсіз қалдырған. “Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша заңды түрде борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу…