«Бір топ адам қарап тұрған»: Суға батқан 17 жастағы баланың денесі Алакөлден шығарылды

Фото: Видеодан алынған кадр  Абай облысындағы Алакөл көлінде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы оқиға Қабанбай ауылы маңында, жағалаудан 500 метр қашықтықта, суға шомылуға арналмаған жерде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірім жалға алынған қайықта жүрген. Ол құтқару жилетін киместен суға секірген. Соның салдарынан батып кеткен. Іздестіру-құтқару…

Толық оқу

Суға батып көз жұмды: Алакөлде топ адам суға тұншыққан баланы құтқармай, телефонға түсіріп тұрған (ВИДЕО)

Қайғылы оқиға Абай облысына қарасты Жарбұлақ ауылы жағындағы Алакөлде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ақпараттарға сүйенсек, паром маңында шомылып жүрген 17 жасар жігіт құтқару желетін кимей суға түскен. Біраз уақыттан кейін суға бата бастаған. Оған көмекке құтқару желетін киген басқа бір азамат жүзіп барған. Алайда үрейге бой алдырған жігіт құтқарушыны да суға тартқан….

Толық оқу

«Құтқарушылар жоқ»: Алакөлде әйелдің мәйітін демалушылар алып шықты

Фото: Видеодан алынған кадр  23 шілде күні Алакөлде демалып жүргендер су бетінде қалқып жатқан әйел адамның денесін тауып алды.Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде жағажайда құтқару қызметі мүлде болмаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оқиғаның егжей-тегжейін желі қолданушысы Арина есімді әйел баяндаған. Оның жазбасына қарағанда, таңғы сағат 6-лар шамасында жағажайда серуендеп жүргенде, кенет «Суда әйел…

Толық оқу

Алакөлде 63 жастағы әйелді қағып өлтірген катер жүргізушісі ұсталды

Фото: Pixabay 26 шілде күні Алакөлге отбасымен демалуға барған 63 жастағы Өскемен тұрғынын катер қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Катер зейнеткер әйелді жағадан шамамен 200 метр қашықтықта қағып кеткен. Оқиға күндіз, оның туыстары мен басқа демалушылардың көз алдында болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жағажайдан алыстап, суда еркін…

Толық оқу

Алакөл маңында жер сілкінді

Фото: primeminister.kz 24 шілде күні Астана уақытымен 08:47-де Сарқант қаласынан 124 шақырым солтүстік-шығыста жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Алакөл көлінің маңындағы жер сілкінісін отандық сейсмологтар растады. Жер сілкінісі Жетісу облысындағы Алакөл көлінің маңында тіркелген. «Жер асты дүмпуінің магнитудасы – 3,7» – деп жазылған Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) таратқан хабарламада. Қазақстандық деректер орталығының…

Толық оқу