Tag Archives: актриса

«Сынағысы келген кісіге мін көп»: 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан актриса жылап қалды (ВИДЕО)

Коллаж: Skifnews.kz

Танымал актриса Гүлбахрам Ахат желідегі парақшасына көз жасына ерік берген видеосын жүктеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Аллаға шүкір менде бәрі жақсы. Біреуге пайдаңды тигізбесең де, зияныңды тигізбей өмір сүрудің өзі сауапты амал… Сынағысы келген кісіге мін көп, өкпелегісі келген кісіге де себеп көп. Күз — ішкі әлемді есту сәт!», — деп жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіріп, түрлі пікір жазды.

«Сіз ғажап жансыз», «Жыламаңызшы», «Өмір сынақтардан тұрады», «Әлі-ақ үбірлі-шүбірлі боласыздар», «Өзіңді биік ұста, тік жүр. Бәрі жақсы болады», деді олар. 

Айта кетейік актриса өзінен 10 жасқа кіші өнердегі әріптесіне тұрмысқа шыққан еді.

«Келін мен ененің бірге тұруы дұрыс емес» — Актриса Күннұр Қалмырзаева (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

“Шаншар” әзіл-ысқақ театрының актрисасы Күннұр Қалмырзаева ене мен келіннің бір шаңырақта тұруы қате екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол “Қайықта” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

”Келін мен ененің бір шаңырақ астында тұрғаны қате деп есептелінеді. Өзімнің жасым 50-ге келіп қалды. Құрбы, құрдастарым қыз ұзатып, келін түсіріп жатыр. Соларға “неге ұстайсың” деймін. Қазір қыздың да, ұлдың да көзі ашық, көкірегі ояу. Ол күнде интернетті, тик токты көреді. Барлығы керемет өмір сүріп жатыр. Сенің келінің ғана керемет өмір сүрмей жатыр, өйткені сен ене болып отырсың. Оны жұмсайсың, өзің қалаған нәрсені жасатқың келеді. Ал ол өзінің қалаған нәрсесімен өмір сүргісі келеді. Сенің бетіңе келіп баж дегісі келмейді. Себебі, балаңды жақсы көріп отыр. Сол себепті мен “жібер, өмір сүрсін, көрсін. Сен еңкейіп, өз өміріңді өзің жасай алмай отырған жоқсың ғой. 80,90-ға келгенде балаңның өзі жаны ашып келер. Ұстамаңдар” деймін. Менің қазіргі ойым келін мен баланы ұстамаңыздар. Өйткені, бұрын күн көре алмағандықтан бәрі бір әулетте өмір сүрген. Ал қазір күнкөріс мүлдем басқаша”, — деді актриса.

 

«Енем ажырастырып жіберді»: Танымал актриса алғаш рет отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Актриса Гүлбаушан Тілеубекова күйеуімен ажырасу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол “Алғашқы” бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

”Мықты жігіт, зергер. Олар Шымкенттен болғандықтан салт-дәстүрлері өзгеше. Біз аз тұрдық. Қызым кішкентай болған кезде ажырастық. Енем маған «сен әртіс болма, мұғалім бол» деді. «Әке-шешем 7 жыл оқытты, қалай боламын? Мен сахнаға шығуым керек» дедім. Енем «сен шықпа, болмайды» деді. Ол кісі де өнер адамы, мені түсінуі керек. Былайша айтқанда, енем бізді ажыратты”, — деді актриса.

«Ақшасы жетпейтінін айтты»: Жұлдызай Дүйсенбиева тегін тойға шыққан кезін есіне алды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бейтаныс жігітті қалай қуантқанын айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Актриса такси жүргізуші болып істейтін жігіттің өзіне деген ыстық ықыласын айтып, көрсеткен көмегі жайлы баяндап берді.

«Әдетте такси жүргізушілерге бір жерге тоқтаңызшы десең, ұрсып шыға келетіні бар. Бір күні жас жігітке інім, жолдан гүл алып алуым керек еді деп едім, сөзге келместен апай жолдан емес, ана жерден аламыз деп бұрылды. Сіз отыра беріңіз, ақшаңызды берсеңіз, мен әкеліп беремін деді. Гүлімді де, қалған ақшаны да әкеліп берді. Қап, конвертті ұмытып кетіппін ғой дей бер едім, басқа жерге барып, конвертімді де жеткізді. Енді бір сондай жүзі жылы, жақсы бала екен», — деді актриса.

Содан әңгімеден әңгіме шығып, таксист жігіт жақында өзінің тойы болатынын, оған Жұлдызайды шақырғысы келетінін айтқан.

«Сізді тойға шақырсам деймін, бірақ сізге ақшам жетпейтін шығар, ә? деді. Ішімнен біртүрлі болып қалдым. Тойың қашан еді деп сұрадым. Көмекшім Әлидің нөмірін бердім. Тойға қарсы хабарлас, егер сәтін салып жатса, тойыңа барайын дедім. Ішімнен сол уақытқа Шымкентке бір жұмысым шығып қалса жақсы болар еді деп ниет еттім. Бірақ ешқандай жұмысым шықпады. Әлиге 2 күн қалған жазыпты. Сен оған айтып қой, алдымнан шығып күтіп алсын дедім. Атын да білмеймін ғой ең болмаса. Сонымен арнайы көлік жалдап бардым. Тойға кіріп барып едім, ана баланың әке-шешесі жылап жіберді. Баламыз Жұлдызай келе жатыр дегенде сенбеп едік деп ағынан жарылды», — деп түйіндеді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Италия киносының аңызы Клаудия Кардинале өмірден өтті

Фото: wikipedia

23 қыркүйекте 87 жасында әйгілі италиялық актриса Клаудия Кардинале қайтыс болды. Бұл туралы оның агенті Лоран Саври хабарлап, актриса Париж маңындағы үйінде балаларының ортасында көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы france24.com-ға сілтеме жасап.

Клаудия Кардинале 1938 жылдың 15 сәуірінде Тунис маңында сицилиялық отбасында дүниеге келген. Жастайында ол сұлулық байқауында жеңіске жетіп, әкесінің кеңесі бойынша киноға түсе бастайды.

Өзінің шығармашылық жолында актриса 200-ден астам фильмде ойнады. Ол Федерико Феллинидің («8 жарым»), Серджио Леоненің («Бір кездері Қиыр Батыста»), Анри Вернейдің («Ана») және басқа да режиссерлердің картиналарына түсті.

Әлемдік кинематографияға қосқан үлесі үшін Кардинале 1993 жылы Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстан» жүлдесін иеленді. Бұған дейін, 1984 жылы, ол үздік әйел рөлі үшін Пазинетти сыйлығын алған, ал 2008 жылы Құрмет легионы орденімен марапатталды.

Агентінің айтуынша, Клаудия артында тарихта мәңгі қалатын мықты, шабыттандыратын әйел және талантты актриса бейнесін қалдырды.