Tag Archives: актер

«Бәрімізде қорқыныш болды»: Актер Дәурен Серғазин ерекше оқиғасымен бөлісті

Қазақстандық танымал актер Дәурен Серғазин алғаш рет мюзикл жанрындағы фильмге түсіп, ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Актер «Қызық Times» бағдарламасында қонақта болып, жаңа шығармашылық қадамы туралы айтты. Оның сөзінше, «Бақыттың құшағында» атты мюзикл — актер үшін тың тәжірибе болған.

«Басында бәрімізде қорқыныш болды. Себебі режиссердің бұл — алғашқы жобасы еді. Сол себепті аздап сенімсіздік болды. Бірақ мюзикл жанры өзімізге қызық болғандықтан келістік. Түсірілім де ерекше өтті. Шәмші Қалдаяқовтың өмірі менің шығармашылығыммен тікелей байланысты. Бұған дейін басқа кинода Шәмші атамызды сомдасам, бұл мюзиклда оның әндерін орындадым», — деді Дәурен Серғазин.

 

«Бөліскім келіп отыр»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі барлығын жайып салды

Фото: видеодан скрин

Актриса Дариға Бадықовамен ештеңе байланыстырмайтынын жайып салған Дархан Мұсаев тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

«Сіздермен ішімдегі болып жатқан құбылыспен бөліскім келіп отыр.

Мамандығым өнер адамы бола тұра 16 жыл бойы өнерден ойып орын алмаппын, бойымдағы талантымды, өнерімді тұншықтырыппын.

Өзімді қолға алып, дем салдырып Руқия оқытқалы көзім ашылып өмірді басқаша сезіне бастадым.

Бұл емді маған айлап жалғастырды, себебі тұла бойымда тылсым күштердің кедергілері анықталды. Ал, оны тазалауға әжептеуір күш кетті. Қазір есімді жиып, өткеніме қарасам өкініш өзегімді өртейді, мені осындай дәрежеге түсіруге себепші болған жандарды, бір Құдайға тапсырдым», – деді ол.

«Ауыр комплекс»: Жахан Отарғалиев өз есімінен қатты ұялатынын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал актер Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі бала күнінде танысқан адамдардың күлкісіне қалған.

“10-11 сынып оқып жүргенде ауылдарға волейболдан жарысқа баратынбыз. Сол кезде қыздармен танысамыз. Жахан десем: “Не дейді, шалдың аты сияқты” деп күлетін. Содан бері атымнан ұялдым. Ешкімге айтқым келмейтін. Үш жыл қиналдым. Мен үшін ауыр комплекс болған”, – деді актер.

Кино жұлдызының сөзінше, бүгінде атағы шыққан актерге айналғанын мақтанышпен айтатын көрінеді.

“Есен Елеукен – өнердегі әкем. “Қазір атыңа жұмыс істе, кейін атың саған жұмыс істейді” дейтін. Сол рас екен. Киноларымның арқасында атым таныла бастады. Бәрі мені Жахан деп таниды. Соған қуанамын. Демек, сен жаман деп ойлаған істе сен үшін үлкен хайыр бар екен. Ол негатив те позитив те болуы әбден мүмкін”, – деп жазды кино жұлдызы.

«Мама, қызыңыз брак қой»: Актер Нұркеннің әйеліне айтқан сөзі талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде актер Нұркен Өтеуілдің жұбайымен түсірген әзіл видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бейнежазбада Нұркен әйелін сүйекті емдейтін арнайы маманға апарған.

Ол “Мама, қызыңыз бұрак қой”, – деп еденде жатқан әйелін видеоға түсіріп, әзілдейді.

Көпшілік бұл сөзді орынсыз деп санап, актерді сынап тастады.

“Мазақ қылып тұрғаны несі?”,“Ремонттап алайын дедіңіз бе?” , “Әзілдің де шегі бар”, — деп жазды.

«Күйеуің әртіс болмасын»: Танымал актердің жас қызды құшақтап тұрған видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Желіде актер Аян Өтепбергеннің актриса қызбен құшақтасып тұрған видеосы тарады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Актердің аталмыш әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі өнер деп бағаласа, бірі отбасылы еркекке жараспайтын қылық екенін айтты.

“Күйеуің әртіс болмасын деген осы…”, «Өнер адамы болған соң түрлі түсірілім болады», «Қыз да кетәрі емес сияқты ғой», «Кімге шығып жатқанын білген шығар әйелі», «Әртіс деген аты айтып тұр ғой», — деп жазды олар.

Айта кетейік, Аян Өтепберген жақында ғана бір қыздың әкесі атанған еді.