Шымкентте 7 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Шымкент прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі. Қалалық прокуратура өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбау фактілерін анықтады. «Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, жолаушылар көлігі және автомобиль…

Толық оқу

Астана әкімі олигарх Боранбаевтың тәркіленген отельдің келешегі жайлы ойын айтты

Коллаж: ulysmedia.kz. Сотталған бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қонақ үйі Астана әкімдігінің балансына беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Қалаға тек Comfort Hotel Astana беріледі. Фитнес-орталықтар берілмейді. Білуімше, компанияның бас кеңсесі басқа қалада орналасқан. Шамасы, сол жерден басқарылады. Астанада емес. Comfort Hotel бойынша тапсыру процесі әлі жүріп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін артынша істейтінімізді шеше жатармыз. Бірақ алдын ала айтарым –…

Толық оқу

Щучинск әкіміне даулы тікелей эфирі үшін сөгіс берілді

Щучинск қаласының басшысы даулы тікелей эфирі үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  Жуырда Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізген. Оны бітіргеннен кейін әкімдік қызметкері эфирді өшіре алмаған. Эфир тоқтатылды деп ойлаған әкім сұрақ қойған журналиске қатысты дөрекі сөз айтады. Шаһар басшысының өрескел қылығы желіде қызу талқыланды. Бастапқыда халық әкімнің дөрекі…

Толық оқу

Дәулет Батырбаев Риддердің әкімі болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі лауазымына Дәулет Батырбаев тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.- ке сілтеме жасап. Дәулет Бақытұлы 1976 жылы Семей қаласында туған. 1998 жылы — «Семей» Мемлекетік университетінде, 2001 жылы Новосибирск гуманитарлық институтында оқыды. Мамандығы — Экономика және менеджмент (экономист-бухгалтер), құқықтану. Семей қаласында Новосибирск гуманитарлық институтының өкілеттік әдіскері болып істеген. 1999 жылдан бизнес-құрылымдарында…

Толық оқу

Даниал Ахметов қызметінен босатылды

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.   Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды, делінген ақпаратта.   Айта кетейік, Даниал Ахметов өңірді 2014 жылдан бері басқарып келді.   Qazaq.today 

Толық оқу