Сұмдық алаяқтық: 1,5 жыл бұрын қайтқан балаға әлі күнге ақша жиналып келген
Арсыздықтың шегі бар ма? Алаяқтар марқұм баланың атынан пайда тапқан Қазақстанда адам сенгісіз жағдай болды. Белгісіз біреулер осыдан 1,5 жыл бұрын өмірден өткен кішкентай баланың еміне деп, жұрттан ақша жинауды жалғастырып келген. Бұл туралы марқұмның ата-анасы жақында ғана біліп, жағасын ұстады. Оқиғаның мән-жайын жеті баланың анасы Оңласын Асылбаева айтып берді. Оның кенже ұлы Диас Мұса…
