107 кәсіпкерге заңсыз айыппұл салған шенеуніктер жауапқа тартылды
Ақмола облысында кәсіпкерлердің құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Мемлекеттік кірістер органдары ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан («Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 62-бабы 1-тармағы) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу бойынша («Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 92-1-бабы) 107 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқаны анықталды. Прокуратураның жедел шарасы нәтижесінде кәсіпкерлердің құқығы қалпына келтірілді, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз…