Tag Archives: айып

Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды

Фото: Хасан Қасымбаевтың инстаграм парақшасынан

Бүгінгі Талғар аудандық сотында өткен процессте «Шерзат ісінен» соң аты шыққан Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарға пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол судьяға өз кінәсін толығымен мойындамайтынын айтқан.

Сот залында айыптау актісін мемлекеттік айыптаушы таныстырғаннан соң судья Айнагүл Тұқыбаева Қасымбаевтан кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады.

– Кінәмді толығымен мойындамаймын, – деді Х.Қасымбаев.

Еске салайық, ол былтыр қараша айында қамауға алынған еді.

Бас прокуратура Талғардағы адам ұрлау мен ұрып-соғуға байланысты істі қайта қараған болатын.
Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айып тағылып отыр.

Сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыру жөнінде өтініш түсіргенін бұған дейін де жазған едік.

Судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы сот залынан шығарылды.

Бүгінгі күні Х.Қасымбаевпен бірге айып тағылған өзге тұлғалардың да есімі белгілі болды.

Бишімбаев ісі бойынша Байжановтан бір айып алынып тасталды

Фото: Жоғарғы сот

Әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сот отырысында жарыссөз басталды. Қазір прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың қалай қысымға түскенін айтып жатыр.

“Салтанат – Күн сәулесі секілді жарқын қыз еді. Бишімбаев оны экономикалық, психологиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Тіпті өлгеннен кейін өзін ақтау үшін марқұмды қаралап, бар кінәні оған жауып жатыр”, – деді Аймағанова.

Судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» деген айыпты алып тастады.

Әйгілі актер жыныстық зорлық жасады деген айыппен қамауға алынды

Фото: РИА Новости/Рамиль Ситдиков

Франциялық актер Жерар Депардье сексуалды зорлық көрсетті деген айыппен жауап алу үшін Парижге шақырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Танымал актер екі әйелге жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айыптар бойынша жауапқа тартылып жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.

Бірінші оқиға 2014 жылы «Сиқыршы және сиамдықтар» фильмінің түсірілім алаңында, ал екіншісі 2021 жылы «Жасыл қақпалар» фильмінің түсірілім алаңында болғаны атап өтілді.

Депардье өзіне тағылған бүкіл айыпты жоққа шығарып отыр.

Ақпан айында актерге сексуалды қысым жасады деген айып тағылған болатын.

53 жастағы Амели актердің оны 2021 жылы ұстап алып, кеудесіне қолын тигізгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл «Жасыл қақпалар» фильмінің түсірілімі кезінде болған.

Ол Париж прокуратурасына шағым түсірді.

Белсенді Сандуғаш Тұрлыбековаға қандай айып тағылғаны белгілі болды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекованы ұстау дерегі бойынша полиция түсінік берді.

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тарады.  Осыған орай Қызылорда облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын, қазір тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.  Оқиғаның мән-жайына байланысты Жаңақорған аудандық полиция бөлімі мәлімдеме жасады.

«28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының полиция департаментіне облыстың екі тұрғыны жүгінді. Олар осы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арызданған. Тұрлыбекова бопсалау арқылы ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұдан бөлек тағы бірнеше бопсалау фактілері анықталды. Процеске қатысушылардың жауабын бұрмалауға ықпал етіп, тергеудің жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты тергеу соты оны күзетпен ұстау шарасын санкциялады. Ұстау заң шеңберінде жүргізілді. Арнайы құралдар мен жауынгерлік әдістер қолданылған жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деп атап өтті Жаңақорған аудандық полиция бөлімінен.

 

Бишімбаев ісі: сотта күдіктілерге қандай бап бойынша айып тағылған?

Фото: Лэйла Тастанова

2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып:

  • ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;
  • 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.

Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:

  • ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

ҚПК-нің 319-бабына сәйкес, судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені бес тәуліктен кешіктірмей шешеді.

Еске салсақ, 9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді.