
Риддерлік тұрғындар аюлардан қорқып отыр
Фото: Pixabay Жыртқыштар қаланың шетіне таяу келіп жүр. Аюлар омарталарды қиратып, саяжайларға кіріп кеткен, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы 24KZ телеарнасына сілтеме жасап. Қала тұрғындарының айтуынша, кейінгі жылдары аю көбейген. Орманда қорек таппай, ашыққан аюлар елдімекенге азық іздеп келеді. Жақында жергілікті тұрғындар қонжығын ерткен аюды дронмен түсіріп алған. Жыртқыш өзінің тіршілік ететін аумағында алаңсыз жүр….