Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңілісі Ардақ Жексенбайқызы отбасындағы қиын жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Бір өліп, бір тірілдім. Қазір Аллаға шүкір бәрі артта қалды. Анам бір күн бұрын аяқ-қолым сырқырап тұр дегенде аса қатты мән бермедім. Өйткені үлкен кісілерде артроз, артриттің болуы қалыпты жағдай ғой.
Бірақ тексерістен өткізіп, анализдерін тексеріп кеткен едім. Сөйтсем анамыз дұрыс жеткізбеген екен. Аяқ-қолы ұйып инсульт белгілері байқалған екен.
Анамызда осындай жағдай болған соң, жанынан табылуымыз қажет болды. Күндіз-түні дұға еттік. Мен болмасам да, Айнұр сен болуың керек. Команда күтеді деп әрең көндірдім. Жылаған жасын жүрегіне жасырып, Айнұр жобада болды…
Есімізді енді ғана жиып жатырмыз. Барлық қорқыныш артта қалды», — деп жазды ол.
Танымал айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева соңғы уақытта басынан өткізген жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Тұрсынбаеваның айтуынша анасы науқастанып қалған.
«Соңғы 3 күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болып еді, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға шүкір! Дәрігерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды! Алла жақындарымызды аман қылсын!», — деп жазды ол.
Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева гардеробын жаңартып, көйлектерін сатылымға шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі жеке парақшасында киімдерінің көп екенін айтты.
“Бір-екі рет киілген киімдерімді сатуға шығарамын. Тіпті, арасында киілмеген көйлектер де бар. Аяқ киімдер де толып жатыр. Егер 35-36 өлшемді кисеңіз, сатып алуға үлгеріңіз. Меккеден алған көйлектерімді де сатуға қойдым. Меккеге бару нәсіп етсін. Үйге киетін шапан көйлектерімді де көрсетілген парақшадан аласыз. Алтындарымды да тақпайтын болғасын сатуға шығардым. Бриллиант тастары болғасын 150-210 мың теңге арасында болады. Қыздар, сатып үлгермей жатыр”, – деп жазды Айнұр.
Желі қолданушылары қолжетімді көйлектерді алып үлгермей жатқанын қызу талқылады.
“Суға түспей күтіп отырмыз”, “5 минут сайын өтіп кетіп жатыр”, “Жұмыстың бәрін ысырып, парақшада көйлек күтіп отырмыз”, “Өте керемет мүмкіндік екен. Айнұрдың байлығы жұғысты болсын”, “Көріп үлгермей жатып, сатылып кетті”, “Тағы да көйлектер салыңызшы”, “Дым үлгермедік”, – деп жазды көпшілік.
Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі, “Нойс” лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев желідегі жазбасымен халықты алаңдатып қойды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Бір адамды айыптау – оңай. Бірақ адамның тағдыры – бір парақ хаттамадан тұрмайды. Оның жүрегі бар. Оның артында тәрбие, өмір жолы, еліне деген сүйіспеншілігі бар. Біз – ел тонамаған, біреудің нанын тартып алмаған, ешкімнің көз жасына қалған жауыз емеспіз. Біз де дұға тілейміз. Біз де өз үйімізге аман-есен оралуды аңсаймыз. Біз де елдің тыныштығын қалаймыз”, – деп жазды Нұржан.
Сондай-ақ, ол жастық шағында түрлі қателіктерге бой алдырғанын да жасырмады.
“Иә, жастықпен кеткен қателіктер болған шығар. Бірақ біз есейдік, сабақ алдық, түзелдік. Қоғамға пайдасы тиетін азамат болуға тырыстық. Біз ешқашан мемлекетке, үкіметке немесе ел басшылығына қарсы шыққан емеспіз. Қайта, заң алдында міндетіміз болса – жауап бердік. Бүгінде мені дәлелсіз айыптап, жала жауып, қудалауға тырысып жатқандар бар. Бірақ мен ешкімді сатқан жоқпын. Ешқайда қашқан жоқпын. Мен – туған жерін, елін, халқын шын жүрегімен сүйетін қарапайым қазақпын. Aқиқатты айту – қылмысқа айналған заман. Бірақ мен білемін: Алла – Әділ. Ол жүректерді көреді. Ниетті біледі. Менің ар-ожданым да, ниетім де – Оның алдында таза. Бұл маған жеткілікті», – деп жазды ол.