Tag Archives: әйел

Қарағандыда 15 жастағы қызды «әйел қылып алған» ер адам сотталды

Фото: Pixabay

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті.

Ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ал прокуратураға оқиғаға жол берген ересектердің әрекетін заң тұрғысынан тексеру тапсырылды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көпшіліктің назарын аударған іс қаралды. Айыпталушы, 37 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасады деп танылды.

Іс материалдарына сәйкес, биылғы жылдың басында Абай қаласының тұрғындары қыздың анасы мен өгей әкесі, оны ер адамға тұрмысқа шығуға көндірмек болған. Қыздың қарсы болуына қарамастан, өгей әкесі оны сол ер адаммен бірге Қарағандыға жіберген.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға ең жоғарғы жаза 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап, керісінше, істі жеңілдетілген бап бойынша қарауды өтінген. Сот істі жан-жақты қарап, айыпталушының кінәсі толық дәлелденген деп шешті. Сот үкімімен ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған өмір бойына білім беру және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу саласында еңбек етуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, сот прокуратура атына жеке ұйғарым шығарып, жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін тексеруді тапсырды, олардың заңды бұзу белгілері бар-жоғы анықталатын болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

«Дауысы әдемі»: Нұрболат Абдуллиннің әйелі өнерімен таңдай қақтырды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/faridush_zh

Желіде белгілі эстарада әншісі Нұрболат Абдуллиннің сүйіктісі ән айтып, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Кейбірі оның дауысын мақтап: “дауысы әдемі екен, талай әншіні басып озады”,- десе, енді бірі: “мүлде дауысы жоқ қой”,- деп сынға алды.

Кей қолданушылар тіпті оны өмірде көргенін айтып: “өркөкірек әйел, көп адамды менсіне бермейді” деген пікір қалдырған.

Желіде қызу талқыланған видео оқырмандар арасында екіұдай әсер қалдырды.

Алматылық әйел бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірген

Алматыда 23 жастағы әйел 58 жастағы ер адамды пәтерде пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әйел өзі бірге тұратын ер адаммен жанжалдасып, оған пышақ сұққан. Полиция бұл ақпаратты растады.

«Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Басқа да мән-жайлар анықталуда», — деп жауап берді Алматы полиция баспасөз қызметі.

Фото: Pixabay.com

СҚО-да жыл басынан бері жеті ер адам әйелінің тегін алған

Солтүстік Қазақстан облысында  биыл жеті адам әйелінің тегіне өткен, соның үшеуі – ауыл тұрғыны. Айыртау ауданында екі ер адам және Қызылжар ауданының тұрғыны зайыбының тегіне таңдау жасаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Елімізде 16 жасқа толған әр адам атын, әкесінің атын және тегін өзгертуге құқылы. Заңнамада қай кезде өзгертуге болатындығы да көрсетілген. Мәселен: өз аты, әкесінің аты немесе тегі ыңғайсыздық тудырса, айтылуы қиын болса, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыпты ортақ тегі болуды қаласа – өзгерте алады. Әйелінің үйінде тұруды оғашсынып, «күшік күйеу» атанудан қашатын қазақ қоғамы үшін бұл жат болғанымен, былтыр елімізде 200-ге жуық ер адам зайыбының тегін алған.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органы былтырғы 1 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ қарайды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің мәліметінше, осы аралықта СҚО-да 3400-ге жуық неке тіркелген, ал жыл басынан 1775 жұп шаңырақ құрды. Некеге отырғандардың 354-і – жасы қырықтан асқандар, 127-сі – 50-ден асса, 60-тан асқан 71 жұп некелерін заңдастырған.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының мәліметінше, биыл шаңырақ көтерген ең ересек күйеу жігіттің жасы 63-те болса, оның қалыңдығы 60-қа толған. Неке Ақжар ауданында тіркелді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалпы елімізде былтыр 121 мыңға жуық неке тіркелген. Бұл 2022 жылдан шамамен 8 мыңға кем. Үйлену көрсеткішінен 13 074 санымен Алматы қаласы бірінші орында тұр. Одан кейін 10 392 санымен Астана қаласы және 10 087 көрсеткішімен Алматы облысы келеді.

Ажырасулар бойынша, Алматы қаласы көш бастап тұр. Былтыр мұнда 4761 жұптың шаңырағы шайқалған, Қарағанды облысында – 3475, Астана қаласында 3389 жұп ажырасып кеткен. СҚО-да былтыр 1472 ерлі-зайыпты ажырасуға өтініш берді.

Фото: Pixabay

Қосшыда 26 жастағы әйел есірткі жасырумен айналысқан

Қосшыда полиция есірткі жасырып кетушіні қолға түсірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Криминалдық полиция қызметкерлері Қосшы қаласында синтетикалық есірткіні жасырып кетушіні ұстады.

Ол елорданың 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Полицейлердің айтуынша, жергілікті тұрғын әйелді байқап, оның оның мінез-құлқы күдікті болып көрінген.

Оның айтуынша, белгісіз әйел есірткіні жасыру кезінде күдікке ілінген. Мәлімдемеге жедел уәкілдер дереу әрекет етіп, есірткі жасырып кетушінің жеке басын анықтады. Тергеу шаралары барысында полицейлер а-PvP психотроптық затын тәркіледі.

Әйел Астана қаласында тұрады және бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.