Tag Archives: Айдарбекова

«Қайрат терезеден ұшып кетті»: Гүлзира Айдарбекова жол апатына түскен сәтін есіне алды

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі не себепті ұлы Қайрат Нұртастың көзілдірік тағатынын айтты.

 

“Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек болып қалды. Бірақ құдай сақтап қалды. Қайрат терезеден ұшып кетті. Әйнектер сынып, денесі мен көзіне қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып шығатын”, – деп жазды продюсер.

 

Гүлзира Үсенқызынң сөзінше, сол жол апатын фильмге арқау еткен.

 

“Өкініш” фильміне жол апатын кірістірдім. Қалай көліктен аударылғанын және өзімнің сол кезде қандай күйде болғанын көрсеттім. Телефон соққаным да еш өзгеріссіз фильмге енді”, – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

 

«Иттік жасады деп естідіңіз бе»: Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыз туралы жазған оқырманына жауап берді

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың арасы суып кеткенін жазып, өзін сынға алған оқырманына жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қайрат Нұртастың анасы Instagram-дағы парақшасында ортаншы келінінің анасын туған күнімен құттықтап, оқырмандарының сынына ұшыраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Құдағиым, туған күніңіз құтты болсын! Қыздан жалғыз болсада Айгерамызды кішіпейіл, инабатты, көркем мінезді етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғысымыз шексіз! Ұл-қыз, немерелердің қызығын бірге көріп, құдам екеуіңіз 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулеріңізді жазсын Алла! Біз сізді отбасымызбен жақсы көреміз! Менің сүйікті оқырмандарым, сіздерге де осындай құдағи тіледім», — деп жазды продюсер.

Алайда желі қолданушылары оны Жұлдыз Әбдікәрімованың ата-анасы туралы жазбайтынын айтып, сынға алған.

«Жұлдыздың ата-анасын аузыңызға да алмайсыз. Сіз оны туған қызыңызды басқа әулетке берген кезде түсінер едіңіз. Тәрбиелі, кішпейіл етіп дегенде Жұлдызға меңзеп, тіл тигізгеніңіз байқалып тұр. Жұлдыз сізге шыдады. Енді жеңілмес», «Жұлдызға істегенді Әйгерімге де жасасаңыз құдағимен жағдай басқаша болар еді. Жүз пайыз сенімдімін. Енді міне Қайрат пен Жұлдыздың арасы суып тынды», — деп жазды оқырмандар.

Айдарбекова желіде жазылған бұл сынға бірден жауап берді.

«Мені иттік жасады деп өз аузынан естіп па едіңіз, неге отбасымызбен араласып бәрін білетін адам сияқты отырсыз? Ұлдарым үшін қолымнан келгеннің бәрін жасағаным кінәм болса, өсекті өрбіте беріңіз. Сіздер қаншалықты келіндерді азғырып, жаныма тиетін сөз айтсаңыздар да, сырымды айтып жылайтын әйел мен емеспін. Қай келінім болса да, менің өмірімнің жалғасы, әулетімді жалғастырып отыр»,  – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы. Гүлзира Айдарбекованың жазбасы.

Фото: Caravan.kz