
Министр уәде етті: Келесі жылы картоп бағасы арзандайды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін елімізді 2025 жылы арзандатылған бағамен картоппен қамтамасыз етуге уәде берді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі. Министрдің айтуынша, былтыр кеткен кемшіліктер сараланып, тиісті жұмыстар атқарылған. Картоп тапшылығының басты себебі – Өзбекстан тарапынан болған жоғары сұраныс. Соңғы он жылда мұндай көлемде экспорт тіркелмеген – шамамен 600 мың тонна өнім…