Алтын жауған түн! Айбек Оралбай бокстан әлем чемпионы атанды

Фото: ҚБФ Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Айбек Оралбай (90 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Отандасымыз финалда өзбекстандық Джахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта Айбек қарсыласына есе жіберсе, шешуші раундта қарсыласын қапы қалдырды. Осылайша Айбек ел құрамасына жетінші алтын медальды салды.

Толық оқу

Айбек Оралбай Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Фото: Olympic.kz Бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды.

Толық оқу