Көрші елге адыраспан ала барған Қазақстан азаматтары жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Министрліктің мәліметінше, биыл ақпан айында Ресей Федерациясында «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.
«Оны сол елге апарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 1 миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал аса ірі мөлшерде тасымалдағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», — делінген хабарламада.
Осыған байланысты ІІМ шетелге шығуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға баратын елдің заңын біліп жүруге кеңес берді.
«Шет мемлекеттердің аумағында тыйым салынған өсімдіктер мен дәрілік препараттарға назар аудару қажет», — деп хабарлайды дереккөз.
Ресейде адыраспан өсіруге, сақтауға және пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлады КТК.
Телеарнаның хабарлауынша, теріскейдегі көршілеріміз ол шөптің құрамында психотроп зат бар деп қорқып отыр.
Ал елімізде, керсінше, адыраспанды қасиетті өсімдік деп санайды. Табалдырықты жаңа аттаған келіннен бастап, базардағы саудагерге дейін тауарын осы адыраспанмен аластайды.
Қазақстандық нарколог дәрігерлер ресейлік мамандардың тыйымына күле қарайды.
Ресейде құрамында есірткі зат бар тыйым салынған өсімдіктер қатарына адыраспан да енгізілетін болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі EL.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл тізімге енуіне құрамындағы психтропты алкалоид себеп болған. Енді оны өсіруге, үйде сақтауға болмайды.
Айта кетейік, бұл шөпті қазақ киелі өсімдік деп санайды. Сондықтан халық арасында оны «бәле-жаладан сақтайды» деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге, кереге басына іліп қояды. Ал жаңа үйге кірерде босағаға «жын-шайтан мүлдем жоламасын деп» адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, үйді аластайтын болған.