Алматыда жас жігітті соққыға жыққан және видеоға түсірген адам ұсталды

Фото: ІІМ Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Толық оқу