Ақтауда балалар ойнап жүрген спорт алаңында қақпа құлап түсті
Фото. видеодан скрин Ақтауда төтенше жағдай тіркелді. Қаладағы 28А-1 мекенжайында орналасқан спорт алаңында темір қақпа кенеттен құлап, балалардың өміріне қауіп төндірді. Оқиға кезінде бірнеше бала алаңда ойнап жүрген. Абырой болғанда, зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, спорттық қақпаның тіреу бөлігі ескі әрі бос тұрған. Соған қарамастан, аулада балалар күн сайын футбол ойнайды….
