Facebook, Instagram және YouTube-те жаппай ақау орын алды

Фото: Pixabay 

Қазақстанда Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен YouTube видео хостингі қолданушылар тарапынан шағымдар түсуде. Олар аталған әлеуметтік желілердің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Желілердегі ақау шамамен Астана уақыты бойынша сағат 20-35-те орын алды. Facebook-те қолданушылар өз аккаунтына кіре алмай жатыр, ал Instagram-да лента жаңармай тұр. Қолданушылар желіге кіре алмауда.

Олар желідегі парақшаларына кіре алмай әлек. Бұған Downdetector сайтындағы мәліметтер дәлел.