Евро-24: Мбаппе мен Роналдуның тартысы – қашан және қайда көруге болады

Германияда 5 шілдеде футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчтары басталады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Евро-2024 ширек финалының алғашқы ойынында турнир иелері Испания құрамасымен кездеседі.

Евро-2024 1/4 финалының матчтар кестесі:

  • 5 шілде, 21:00: Испания — Германия (трансляция QazSport арнасында).
  • 5 шілде, 23:55: Португалия — Франция (трансляция QazSport және Qazaqstan арналарында).
  • 6 шілде, 21:00: Англия — Швейцария (трансляция QazSport арнасында).
  • 6 шілде, 23:55: Нидерланды — Түркия (трансляция QazSport және Qazaqstan арналарында).

Айта кету керек, жартылай финал жолдамасы үшін жұлдыздар – Португалия құрамасының Криштиану Роналду мен Франция құрамасының Килиан Мбаппе – өзара тартысады.

Барлық плей-офф ойындары QazSport және Qazaqstan телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, телеарналардың сайттарында да трансляцияларды көруге болады.

1/8 финалдың басты сенсациясы

Еуропаның қазіргі чемпиондары – Италия құрамасының турнирден шығып қалуы болды. Швейцария құрамасы ширек финалға жолдама алды.

Сенсация Англия құрамасының матчында да орын алуы мүмкін еді, бірақ «Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем 95-минутта Словакияға қарсы ойында командасын құтқарып қалды.

Португалия құрамасының басты жұлдызы Криштиану Роналду Словенияға қарсы ойында пенальтиді голға айналдыра алмады. Португалдықтарды Диогу Кошта құтқарып қалды: ол пенальти сериясында үш соққыны қайтарды.

Түркия құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф тарихындағы ең жылдам голды соғып, Австрия құрамасын турнирден шығарды.