Евро-2024 үздік ойыншылары анықталды

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) Германияда өткен 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншыларын анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today.

Финалдық матчта Испания құрамасы Англияны жеңіп, «Атлетико» (Бильбао) шабуылшысы Нико Уильямс матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри турнирдің үздік ойыншысы атанды. Ол 6 матч өткізіп, Грузияға қарсы 1/8 финалында бір гол соқты (4:1).
Каталондық «Барселона» клубының 17 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль Еуро тарихындағы ең жас жеңімпаз және турнирдің үздік жас футболшысы деп танылды. Ол бір гол соғып, 4 ассист жасады (үздік ассистент).

Еуро-2024 турнирінде Испания құрамасы 15 гол соғып, 1984 жылғы Франция құрамасының 14 голдық рекордын жаңартты. Сондай-ақ, Луис де ла Фуэнте командасы қатарынан 7 матч жеңіп алған алғашқы команда болды.

Испания құрамасы 88 рет допты тартып алып, осы көрсеткіш бойынша Англия (81) және Словения (79) құрамаларын артта қалдырды. Допты қайтарып алу бойынша ең үздік (290) болды, «құрғақ» матчтар бойынша екінші орын (Франция — 4), сондай-ақ, допқа иелік ету (58,2 пайыз), пас дәлдігі (90,2 пайыз) және сейвтер (18) бойынша үздік үштікке кірді.

Сонымен қатар, Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Дани Ольмо турнирдің ең үздік алты бомбардирінің бірі болды.
Евро-2024 финалында 86-минутта гол соғу арқылы Испания құрамасы жеңіске жетті

Бұған дейін каталондық «Барселона» клубының баспасөз қызметі клубтың аңызы Лионель Мессимен бірге бір жастағы Ламин Ямалдың суретіне пікір білдірген еді.

Сондай-ақ, Қазақстандық жасөспірім Евро-2024 ширек финалында Португалия құрамасы жеңіліске ұшырағаннан кейін Криштиану Роналдуның отбасымен кездескен сәттегі эмоциясымен бөлісті.