Еуропада алғашқы метапневмовирус инфекция тіркелді

Еуропада алғаш рет адам метапневмовирусымен (HMPV) инфекция жұқтырған оқиға тіркелді. Румынияның Бихор округінде 67 жастағы әйелден бұл вирус расталды. Ол Орадя қаласының тұрғыны және ел шегінен шықпаған.

Пациенттің жағдайы
Науқастың ауру белгілері желтоқсан айының соңында байқалған. ПЦР-тесті Бихордың клиникалық шұғыл көмек ауруханасында жүргізіліп, диагноз расталды. Қазіргі таңда әйел ауруханаға жатқызылып, оқшауланған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Эпидемиологиялық тексеру
Бихор округінің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы инфекцияның қайдан пайда болғанын анықтау үшін эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын бастады. Науқастың созылмалы аурулары инфекцияның асқынуына әсер етуі мүмкін деп хабарланды.

Метапневмовирус туралы

Метапневмовирус (HMPV) – жедел респираторлық вирустық инфекцияларға жататын вирус. Ол тыныс алу жолдары ауруларын тудырып, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдар мен иммунитеті әлсіреген науқастар үшін қауіпті.

Қазақстандағы жағдай
Эпидемиялық маусым басталғалы бері Қазақстанда 30 адамның метапневмовирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.

54