Бүгін UEFA Еуропа лигасы ширек финалының қарымта кездесулері өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жарыстың аталған сатысындағы матчтар қазақстандық уақытпен 23:50-де басталады.
Алдымен «Qazaqstan» телеарнасынан «Айнтрахт» (Германия) пен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) кездесуі көрсетіледі. Бірінші ойында 1:1 есебі тіркелді.
Сондай-ақ дәл осы уақытта жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Лион» (Франция) ойынын тамашалай алады. Алғашқы кездесуде командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Ширек финалдағы тағы бір кездесуде испаниялық «Атлетик» пен шотландиялық «Глазго Рейнджерс» шеберлік байқасады. Алғашқы ойында олар 0:0 себімен тең түсті.
Ширек финалдағы тағы бір ойын «Лацио» (Италия) мен «Бодо-Глимт» (Норвегия) арасында өтеді. Алғашқы кездесуде норвегиялық клуб 2:0 есебімен басым түсті.
Еуропа лигасы ойындары 2009 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Былтыр Италияның «Аталанта» командасы аталған турнирдің жеңімпазы атанды.