«Есте сақтау қабілеті төмен»: Белгілі журналист Қазақстанға тіл тигізген Рамзан Қадыровқа жауап берді 

Белгілі журналист Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың жазбасына жауап берді. Сергей Пономарев Қазақстанды «құтқарған» ресей деген Қадыровқа қарсы жауап беріп қана қоймай, оны сынап тастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігінің тілшісі. Журналист шешенстан ұлтының басына сынақ түскенде, оларды аштықтан алып қалған қазақ халқы екенін айтты.

«Рамзан Қадыров сенсациялық бейнежазбасында «Қазақстан егемендігін жоғалта жаздаған кезде Ресей құтқарды» деп ашық айтты. Егемендік туралы дауласқым келеді, бірақ мәні жоқ шығар. Мен не туралы айтқым келеді? Үшінші буындағы вайнахтардың есте сақтау қабілеті мұнша төмен деп күтпедім. 1944 жылы ақпанда 500 мыңға жуық  шешендер Кеңес өкіметі басшылығының бұйрығымен Гитлердің жағына өтуге дайын ұлт ретінде Қазақстанға азық-түліксіз және жылы киімсіз жіберілді. Бұл бір ұлттың жер аударудағы ең үлкен көші-қоны болды», – деп жазды журналист.

Журналист күштеп қоныс аудару кезінде, тіптен шешендердің жолға жиналуына да мүмкіндік берілмегенін еске салды. Сонымен қатар, ол қазақ халқының ұзақ жолда ауыр азаппен жеткен шешендерге қалай көмектескенін де еске түсірді.

«Адамдарға тіпті жиналуға мүмкіндік берілмеді. Лаврентий Берия мерекеге ұқсас «іс-шараларды» жақсы көрді. Аязды күні, 23 ақпанда басталған «Жасымық» операциясы 9 наурызда аяқталды. Мен депортация күні бірінші шешен соғысы қарсаңында Грозныйда болдым. Репортаждар жасадым, жергілікті тұрғындармен сөйлестім. Елге оралғандардың бәрі көз жасын сығып, қазақтарға ризашылығын айтты. Қазақтар шешендерді қыс кезінде аштан өлтірмей, жарты нанына дейін бөлісті. Әлсіреген шешен балаларына баспана берген», – деп жауап берді Сергей Пономарев.

Сондай-ақ, Шешенстанның тұңғыш президенті, генерал-майор Джохар Дудаевтың сұхбатында Қазақстан шешендердің екінші Отаны екенін көңілі босай отырып, шын жүректен айтқанын еске алған.

«Отанымыз баспана беріп, тамақтандырып ұлтты сақтап қалды. Бұл жерде шешендердің қабірлері бар, Дудаевтың әкесі осында жерленген. Шешендер мейірімділік көрсеткен  Қазақстан мен қазақтарды ризашылықпен еске алады. Рамзан Ахматұлының есіне салыңыздар, мүмкін ол кем дегенде бір минутқа ұялатын шығар», – деп түйіндеді Пономарев.

Еске салайық, бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы елдеріне бейне үндеу жасап, ұйымға мүше елдерден Украинадағы оқиғаларға қатысты ұстанымын айтуды сұраған.

«Ресей Қазақстанды құтқарды. Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс болған кезде Путин басты рөл атқарды. Қазақстан егемендігінен айырыла жаздаған кезде кім көмектесті? Ресей. Ешкімнен қорықпады.
Неліктен біздің ата-бабаларымызды өлтірген бандерлерге, ұлтшылдарға және фашистерге қарсы ұстанымдарың жоқ?» – деді Қадыров өзінің Telegram арнасында жариялаған видеода.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here