Танымал продюсер Баян Мақсатқызы сотта екі рет жеңіліп қалған журналистің кешірім сұрағанын күтіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ол Дана Орманбаевамен екі рет соттасқан еді.
«Кейбір адамдар үшін әлеуметтік желі ақпаратпен ойнайтын алаңға айналған. Сондықтан мұндай нәрселердің болуы қалыпты жағдай. Мен үшін соттасу, адвокат жалдау – уақытымды шығындайтын артық дүниелер. Ешкімнің шекарасына кірмесін. Ал сотта жеңіліп қалған адам менен кешірім сұрайды деп күтемін», – деді подюсер.