Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ертіс орманы» қорығының бұрынғы бас директоры мен үш қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Сотталушыларға ағаш ұрлау, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу сынды айыптар тағылды.
Тергеушілердің мәліметінше, айыпталушылар 2022-2023 жылдар аралығында отын мен өндірістік ағашты желеу етіп, ормандарды кесіп, сатуды ұйымдастырған. Мемлекетке келтірілген шығын шамамен 153 миллион теңге болған.