«Ертіс орманы» аумағында құрғақ шөп өртенді

Павлодарлық өрт сөндірушілер «Ертіс орманы» резерватында орын алған тағы бір өртті сөндіруде, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

 

«6 шілдеде сағат 18.56-да Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман өртенді.

 

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖД-ның 31 маманы мен 12 техникасы жұмылдырылды», — деп жазды ТЖМ-нан.

 

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сағат 22-06-да шамамен 13,37 га алаңдағы өрт сөндірілді.

 

Qazaq.today