Ермек Көшербаев — Шығыс Қазақстанның жаңа әкімі

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Көшербаев 2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның Ресейдегі елшісі, оған дейін 2019 жылғы қаңтардан бастап Сыртқы істер министрінің орынбасары, ал одан да ертерек – 2018 жылғы мамырдан бастап СІМ жауапты хатшысы қызметін атқарды.

Ол өңірді тоғыз жылға жуық басқарған ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің орнына келді.

Даниал Ахметов – қазақстандық билік олимпінде ұзақ орныққандардың бірі.

Еңбек жолын 1976 жылы Екібастұзда Бүкілодақтық комсомол құрылысында прораб болып бастаған, кейін инженер, әкім, министр, премьер-министр орынбасары және премьер-министр лауазымына дейін көтерілді.

2014 жылдан бастап табан аудармай Шығыс Қазақстан облысын басқарды.

Qazaq.today