Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Спорт журналисті бұған дейін де ҚФФ-да жұмыс атқарған еді. Нақтырақ айтсақ, Ермұхамед 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. Ал 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Ермұхамед Мәулен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары «Qazsport» телеарнасының редакторы қызметін атқарды.
2014 жылы журналист Бразилияда өткен әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.
2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы «Qazsport» телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.