Фото: cumhuriyet.com
Түркия билігі Ыстамбұл қаласының мэрі, оппозициялық саясаткер Экрем Имамоглуды тұтқындады,деп хабарлайды Qazaq.today.
Коррупцияға қатысты іс: 100-ден астам адам ұсталды
Прокуратура Имамоглу мен оның айналасындағы 100-ден астам адамға қарсы қылмыстық іс қозғап, оларды мынадай айыптар бойынша тергеп жатыр:
- Қылмыстық ұйым құру
- Пара алу
- Тендер нәтижелерін бұрмалау
- Жеке деректерді заңсыз пайдалану
Полиция Имамоглуның үйінде тінту жүргізіп, оны Ыстамбұл полиция басқармасына жеткізді. Ұсталғандар қатарында оның баспасөз хатшысы Мурат Онгун мен мэрияның 105 қызметкері бар.
Имамоглуның саяси болашағына қауіп төнді
Прокуратураның сұрауы бойынша Стамбұл университеті Имамоглуның жоғары білім туралы дипломын жарамсыз деп таныды. Түркия заңнамасына сәйкес, президенттікке үміткер болу үшін жоғары білім міндетті шарт болып табылады.
Бұл шешім 2027 жылғы президенттік сайлауда Имамоглуның басты қарсылас ретінде Режеп Тайып Ердоғанға бәсекелес болу мүмкіндігін шектейді.
Оппозиция: «Бұл – саяси қысым»
Оппозиция өкілдері бұл істі Ердоған билігінің саяси бәсекелестікті шектеу әрекеті деп бағалап, Имамоглуның тұтқындалуын сайлау алдындағы қысым деп мәлімдеді.