Сингапурда ойыншы Marina Bay Sands казиносында төрт миллион сингапурлық доллар (258 миллион рубль дерлік) джекпот ұтып алып, көпшіліктің көзінше құлап қалды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеоны оқиғы куәгерлерінің бірі желіде жариялады. Кадрларда казино қызметкерлерінің карта ойыны үстелінің жанында еденде жатқан адамға қалай көмектесуге тырысқаны көрсетілген. Осы кезде жақын жерде әйел айғайлап, көмек беруді сұраған.
Келуші төрт миллион доллар ұтып алып, кейін қуаныштан жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Осы сәтте казино қызметкерлері мен басқа ойыншылар оны құттықтауға жиналып үлгерген. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамды тірілте алмаған.
Фото: ibtimes.sg