Ресейдің Новокузнецк қаласында отбасылық жанжал адам өміріне қауіп төндіретін әрекетке айналды. 43 жастағы Сергей есімді ер адам азаматтық некедегі әйеліне жанғыш сұйықтық құйып, от қойған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
SHOT басылымы хабарлағандай, оқиға өткен демалыс күндері болған. Ер адамның айтуынша, әйелінің «мазасын алғаны» оған ұнамай қалған. Ашуға бой алдырған ол әйелінің басына сұйықтық (зажигалка сұйықтығы) құйып, жағып жіберген.
Салдарынан әйелдің шашы, киімі жана бастаған. Ол өзін-өзі сөндіруге тырысқанымен, бет және қол аймағынан қатты күйік алған. Қазіргі таңда жәбірленуші 20% дене күйігімен және тыныс жолдарының күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқас ес-түссіз күйде жатыр.
Құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша адам өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де өліммен қорқыту фактісі бойынша сотты болған.